{metadescription}
Интернет көмегімен есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды – ШҚО
Интернет көмегімен есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды – ШҚО

Интернет көмегімен есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды – ШҚО

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік желі арқылы есірткі сатқан қылмыстық топ ұсталды. Полицейлер олардың гаражын тінткен кезде  19 мың дана пакетке оралған есірткі тәркілеген.

9-10 әр түрлі түсті ұнтақ зат тәркіленді.

Мұның қара базардағы жалпы құны 190 миллион теңге. Төрт күдікті – Өскеменде. Ал олардың екі басшысы Алматыда қолға түскен. Бұлар бірігіп интернет ресурстардың көмегімен есірткі өткізуді қолға алған. Клиенттер тапсырыс берген соң, оның ақысын онлайн түрде төлеп отырған. Осыдан кейін барып сатып алушыға әлеуметтік желі арқылы есірткіні қай жерден алу керектігі туралы хабар беріліп келген. Жеткізіп беруші ұсталып қалмау үшін оны далаға жасырып кетіп жүріпті.

Сағат Мәдиев, ШҚО ПД бастығы:

- Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде