{metadescription}
Covid-19: Бір тәулікте 1613 науқас тіркеліп, 7 қайтыс болды
Covid-19: Бір тәулікте 1613 науқас тіркеліп, 7 қайтыс болды

Covid-19: Бір тәулікте 1613 науқас тіркеліп, 7 қайтыс болды

Елімізде бір тәулікте 1613 науқас тіркеліп, 7 адам көз жұмды. Коронавирус екенін өзі де білмейтін вирус тасымалдаушылар саны да күн сайын артуда. Бір тәулікте ауру белгісі жоқ осындай мыңнан аса науқас тіркелген. Індет жұқтырғандардың ең көбі Нұр-Сұлтан қаласында.

Бұған дейін 13 адам көз жұмған Кереку өңірінде бір тәулікте вирус  жұқтырған 35 адам тіркелді. Науқастардың барлығында дене қызуы көтеріліп, жөтелу байқалыпты. Осылайша өңірде қауіпті індетті жұқтырғандардың саны 709-ға жетіп отыр.

Батырбек Әлиев, Павлодар облысының бас санитар дәрігері:

- Өткен тәулікте вирус жұқтырған 35 науқас тіркелді. Оның 13-і ер адам, 21-і әйелдер. Өкінішке қарай, біреуі 6 жасар ер бала.

Ал еліміздің шығысында коронавирус жұқтырғандардың саны 742 науқасқа жетті. Өңірде бір күнде 46 адам тіркеліп, оның екеуі көз жұмды. Қауіпті вирусты жұқтырғандардың басым бөлігі – семейліктер. Әйтсе де, жұрт карантин талаптарын сақтайтын емес. Керісінше, тұрғындар көшеде бетпердесіз жүріп, отбасылық жиындарды жие өткізуді әдетке айналдырған. Соның салдарынан инфекциялық стационарға жатқызылған балалардың қатары көбейіп барады.

Найля Әлменова, Семей қаласының медициналық сұрақтар бойынша жедел штабының өкілі:

- Қазір жұқпалы аурулар емханасында 93 адам ем қабылдап жатыр. Оның ішінде 14 адамның жағдайы ауыр. Бір науқас жасанды тыныс алу құрылғысына қосылды. Бүгін тіркелген науқастардың 33 пайызы – балалар. Оның ішінде үш айлық бала бар.

Ақтөбе облысында да жағдай мәз емес. Коронавирустың құрығына ілінгендер саны 800-ден асып жығылса, айнылдырған екі күнде індеттен 3 адам көз жұмды. Өңірдегі жағдайды баяндауға келген атқамінерлердің де денсаулығы сыр беріп, әрең сөйлеп отыр.

Әсет Қалиев, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі:

- Біреуі біз айтқанбыз, Ақтөбе облысының тұрғыны, 55 жылғы, қайтыс болған қосымша тағы екі науқас болды. Екеуі де 1960 жылы дүниеге келген. Біздің Ақтөбе облысының тұрғындары. Екеуінде де коронавирус инфекциясы анықталды. Біреуі Шалқар ауданында, біреуі Ақтөбе облыс орталығында.

Ал өткен тәулікте дерті асқынып көз жұмған өзге үш марқұм Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Ақмола облыстарының тұрғындары. Осылайша  елімізде коронавирус жұқтырғандардың қатары 21 мыңнан асып отыр. Ал қауіпті індеттен бүгінге дейін 183 адам қайтыс болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.