{metadescription}
Түркияға демалуға барған төрт қазақстандықтан КВИ табылды
Түркияға демалуға барған төрт қазақстандықтан КВИ табылды

Түркияға демалуға барған төрт қазақстандықтан КВИ табылды

Демаламын деп барып, ауруханадан бір-ақ шықты. Жазғы демалысын Қара теңіз жағалауында өткізбек болған төрт Қазақстан азаматынан корнавирус табылды.

Олар бірден Анталья ауруханасына жатқызылған. Ал симптомсыз бір азамат қонақүйде оқшауланыпты. Демалысының шырқы бұзылған саяхатшылар туристік сақтандыру есебінен тегін ем-дом алады. Қайтар жолдың билетіне де ақша шығындамайды. Ал пандемияға қарамастан шетелге шыққан 300-ден астам отандасымыз қазір Түркияда демалып жатыр. Олардың алғашқы легі екі ел арасындағы әуе рейсі ашылған сәтте сапарға шыққан. Шетелден келген алғашқы рейс болғандықтан, түрік тарапы жолаушылардан коронавирусқа сынама алған. Нәтижесінде бір үйден барған отбасы мүшелерінен қауіпті індет табылыпты.

Инна Рей, «Туристік қамқор» қорының төрайымы:  

- Бұл азаматтар 21-маусымда ұшқан. Бір отбасынан бес азамат демалысқа келген екен. Анасы мен екі баласынан ауру белгілері шығып, ауруханаға жатқызылды. Қалған отбасы мүшелері дін аман. Ал тағы бір науқас қонақ үйде оқшауланды. Ол 14 күн бойы сол отельде тегін тұрады. Аурудан толық айыққан соң, сақтандыру компаниясы есебінен ұшаққа билет алып, елге қайтарамыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.