{metadescription}
30 жыл бұрын қандай проблема алаңдатқаны есіңізде ме?
30 жыл бұрын қандай проблема алаңдатқаны есіңізде ме?

30 жыл бұрын қандай проблема алаңдатқаны есіңізде ме?

Қазір телеарнадағы жаңалықтың тоқсан пайызы коронавирус тақырыбына арналған. Ал осыдан отыз жыл бұрын қандай жаңалық көргеніңіз, қандай проблема алаңдатқаны есіңізде ме? Әлем картасында жаңадан пайда болған тәуелсіз мемлекеттің сол кездегі күйі қандай еді?

Ендеше 30 жыл бұрынғы кезді бірге еске алайық. КТК 90-жылдардағы ахуалға сапар шектіретін деректі фильм түсірді. Авторлар оқиға желісіне сол уақыттағы ең рейтингі жоғары «ТНН» бағдарламасын негіз еткен. Бұл біздің арнадағы алғашқы бейресми жаңалықтар форматының бастауы болатын. Түрлі проблемадан титықтаған тұрғындар осы хабарға мұңын шағып, хат жолдайтын. Қазір бұл бағдарламаны қайта көргенде шынында да санаға сағыныш сәулесін түсіретіндей. Қазақстанның еңсесін тіктеген кезеңіне дейінгі жылдарды суреттейтін деректі фильм 6-шілдеде сағат 21-00-де КТК арнасынан көрсетіледі.

Андрей Зубов, «ТНН» бағдарламасының жүргізушісі:

Қазіргімен салыстыратын болсақ, бұл бағдарлама-фейсбук, твиттер, инстаграм секілді бір шеті әлеуметтік желілердің рөлін атқарды. Қазір бейресми ақпараттың көбін сол жақтан білеміз. Сондықтан біздің бағдарлама шынында да халықтық бағдарлама болды деуге толық негіз бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.