{metadescription}
Індетпен жаңаша күресудің 3 түрлі сценариі мен ұсынысы
Індетпен жаңаша күресудің 3 түрлі сценариі мен ұсынысы

Індетпен жаңаша күресудің 3 түрлі сценариі мен ұсынысы

Төрт айдан бері коронавируспен алысып жатқан Денсаулық сақтау министрлігі елде төрт аптаға қатаң карантин енгізуі мүмкін. Жауапты органның жаңа басшысы Алексей Цой осы шешімді құптайды. Бұған дейінгі жоспарлары жүзеге аспаса да, министрлік індетпен жаңаша күресу үшін үш түрлі сценарий мен ұсыныстар әзірлепті.

Оның екеуінде локдаун, яғни белгілі бір аймаққа еркін кіруге, не шығуға рұқсат бермеу қаралған. Қосымша төсек-орындар әзірленіп,  корона-таксилер шығарылмақ. «Дәрі-дәрмек тапшылығы да шешіледі», - дейді министрліктің су жаңа басшысы.

Өткен аптада орынтағына жайғасқан Алексей Цойға әзірге демалыс дегенді ұмытуға тура келеді. Ел басына күн туған шақта шенеунік етігімін су кешуге бірден кірісіп кетті. Жаңа министр дүйсенбідегі президент қатысатын жиынға барынша дайындалған. Індеттен құтылу үшін үш сценарий әзірлепті. Ол мынадай:

Біріншісі, егер елде карантин болмаса, тамыз айының соңына қарай күн сайын 27 мың науқас тіркеледі. Инфекциялық және провизорлық стационарларда төсек-орын қажеттілігі 300 мың адамға  жетеді.

Екіншісі, көктемдегідей бүкіл республика аумағында екі аптаға қатаң карантин жариялау. Болжам бойынша, ауруханаға тәулігіне 7 000 пациентке дейін түседі. Төсек-орынға қажеттілік 80 мыңды құрайды.

Үшіншісі,  төрт апталық локдаун. Ол кезде тамыз айының соңында ауруханаға жатқызуды талап ететін күніне 2500 оқиға тіркеліп, төсек қажеттілігі 30 мыңға дейін өседі.

Денсаулық сақтау министрі соңғы – үшінші сценарийді құп көреді. Бір айлық қатаң карантин індетті тоқтатудың тиімді жолы деп санайды. Бірақ әлі нақты шешім қабылданған жоқ. Қазір елдегі ауруханалар лық толы. Қосымша керуеттер дайындалып жатыр. Ал жедел жәрдем бере алмай жатқан дәрігерлерге енді  корона-таксилер көмектеседі.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Бүгінгі таңда отандық 807 жедел жәрдем автокөлігін жеткізуге келісімшарт бекітілді. Сондай-ақ медициналық емес ұйымдардың, автопарктердің көлігін тарту арқылы корона-такси енгізу мәселесі пысықталуда. Бұл әлем елдерінің тәжірибесі. Ұсыныстар ведомстоаралық комиссияның қарауына енгізілді, олар бізді қолдайды деген үміттемін.

Таяуда 3 мың мобильді бригада кеселмен күресті бастайды. Науқасты үйден емдейтін дәрігерлер вирусты анықтауға тест алып, ем-домын беріп, еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы парақты рәсімдейді. Пациенттердің денсаулығын қашықтан бақылайды. Ал халықтың сұранысын қанағаттандыра алмай жатқан дәріханаларға препараттар келесі аптада жеткізіледі дейді министр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Әлеуметтік желілерде таратылған хабарламалар елді дүрліктіріп жіберді. Халық дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмекті артығымен сатып алып жатыр. Отандық өндірушілер дене қызуын төмендететін дәрілік препараттың ірі көлемін жеткізді. Сұраныстағы кей дәрілердің үлкен көлемі апта соңына дейін қоймаларға жіберілді. Одан әрі өңірлерге жеткізіледі.

Елде пневмония өршіп тұр. Тәулігіне 2 жарым мың адамнан ауру анықталуда. Сәйкесінше өкпеге компьютерлік томография жасатқысы келетіндер көбейген. Алайда пневмонияны цифрлық рентген-аппарат арқылы да анықтауға болады. Бұл ПЦР тест, компьютерлік томографиядан қарағанда арзанырақ.

Вирустан жұмғандарды кез келген зиратқа жерлеуге рұқсат берілді. Тек санитарлық талаптар сақталуы тиіс. Ал жұрт арасында таралған Қазақстанда 30 маусымнан бастап шектеу шараларының күшейтілетіні жайлы ақпарат жалған. Түпкілікті шешімді президент тапсырмасымен мемлекеттік комиссия қабылдайды. Дегенмен халық карантинді бір айға енгізсе енгізсін, 42500 теңге жәрдемақыны беріп, несиемізді кешірсін деп даурығып жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде