{metadescription}
Қарағандыда көпқабатты үйлердің жөндеуге алынған шатырынан су сорғалап жатыр
Қарағандыда көпқабатты үйлердің жөндеуге алынған шатырынан су сорғалап жатыр

Қарағандыда көпқабатты үйлердің жөндеуге алынған шатырынан су сорғалап жатыр

Қарағандыда 10 бірдей көпқабатты үйдің тұрғындары мемлекеттік бағдарламаға іліккеніне қуанудың орнына, қайғырып отыр. Өйткені құрылысшылар жөндемей болып үйдің шатырын ашып тастап, сол күйі қайта жаппаған. Жұрт енді жаңбыр жауған сайын соның зардабын тартуда. Шатыр жаңалаймыз деп, ескісіне де зар болып талған тұрғындар енді құрылыс компаниясымен қоса жергілікті әкімдік те жауап берсін деп отыр.

- Әкімдіктен шатыр жөндеген. Халыққа! Барлығы халықтың игілігіне! Тек рақмет айтудан басқа амал жоқ…

Көпқабатты үйдегі пәтерлерде тұрғындар электр сымынан қорқып, төбеден сорғалаған суды қараңғы түскенше сорғытып тастаумен әлек. Ал таңертең ағыл-тегіл аққан судан оянады екен.

Ирина Мофа, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Мен үйдің ішінде, күйеуім төбеге шығып жинады. Ол 60 шелек су төккен. Бізге: «Әне-міне, шатырды жабамыз, шыдай тұрыңыздар, енді бір апта», - дейді. Міне, үш күн толассыз жауын жауып тұр. Бір аптада қандай күйге түсеміз?!

Мемлекеттік бағдарламамен жөнделуі тиіс аула мен шатыр мәселесі осылайша бітпес дауға айналған. Негізі бұл көпқабатты 30 үй осымен екінші рет тегін, мемлекет қаржысына жөнделіп отыр. Қала әкімдігімен көршілес тұрған шағын ауданды шенеуніктер сәнді қалпында көргісі келетін сияқты.

Виктория Ким, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Артық қылам деп, тыртық қылды деген осы. Олардан жөндеп бер деп сұрамап едік. Өзіміз жеке-жеке үстіміздегі шатырды жөндеп алатынбыз.Олар жоба бойынша бір үлгіде істегісі келген ғой. Бірақ істей алмаса, несіне қолға алды?

Кейбір үйдің шатыры бір ай бұрын алынған. Осы уақытта құрылысшылар целлофан әкеп жауыпты. Одан да пайда болмаған. Ал әкімдіктегілер құрылыс материалдарының жеткізілмей жатқанын айтып ақталды. Сондай-ақ, тұрғындар шығынын жабуға мердігерді міндеттемек.

Саят Қарамендинов, Қазыбек би ауданы әкімінің орынбасары:

- Мердігер компанияның кесірінен келген шығын болса, орнын толтырады. Жөнделген пәтер болса, бүлінген жерін жөндеуге тиіс. Тіпті тартпалы төбесін де қалпына келтіруін талап етеміз. Түскен сылағын да сылап береді.

«Мердігер компания кемшіліктердің бәрін ретке келтіруге дайын» - деп сендірді әкім орынбасары. Бірақ жұмыс аяқталған соң. Шатырсыз қалған тұрғындар енді күн суытпай, тым болмаса,төбеміз жабылса деп тілейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.