{metadescription}
Коронавирустан да қауіпті жаңа вирус! Қытай елшілігі мәлімдеме жасады
Коронавирустан да қауіпті жаңа вирус! Қытай елшілігі мәлімдеме жасады

Коронавирустан да қауіпті жаңа вирус! Қытай елшілігі мәлімдеме жасады

Қытай Қазақстандағы отандастарына алаңдап отыр. Коронавирустан да қауіпті жаңа вирустың тез таралуына байланысты Нұр-Сұлтандағы Қытай елшілігі мәлімдеме жасады. Ал оны әлемнің танымал ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. Қытайлық дипломаттар Қазақстанда беймәлім аурудан қайтыс болғандардың саны КОВИД-19-дан да асып кеткеніне алаңдаулы.

Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі:

- Бұл ауруды не қоздыратынын анықтау үшін арнайы зерттеу жүргізіліп жатыр. Коронавируспен салыстырғанда өлім көрсеткіші әлдеқайда жоғары. Елшілік Қытай Халық Республикасының азаматтарын сақтық шараларын сақтауға шақырады. Сонда ғана індетті жұқтыру қаупі азаяды.

Қытай дипломаттарының жаңа инфекция дегені – пневмония. Олар Атырау, Ақтөбе облыстары мен Шымкент қаласындағы көрсеткіштің күрт көбеюін негізге алып, осындай тоқтамға келген. Жаңа вирус деп айдар тағып, барынша сақтану қажет деп осылайша дабыл қағып отыр. Алайда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты шындыққа жанаспайды деп, ресми түрде жоққа шығарды. 

Диас Ахметшәріп, ҚР Денсаулық сақтау министрілігің ресми өкілі:

Бізде ДСҰ халықаралық індетті  реттейтін классификациясы бар. Оның кодтары бар мына пневмания ауруына сай. Сол классификацияға сәйкес, біз пневмония ауруын міндетті түрде есепке алып, мониторинг жүргіземіз. Сол мониторингтың арқасында дер кезінде шара қолданамыз. Сондықтан да Қытай ақпарат құралдарының беріп отырған бұл мәліметі шындыққа еш жанаспайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.