{metadescription}
Елімізге ауадай қажет медициналық құрылғылар қаншаға алынады?
Елімізге ауадай қажет медициналық құрылғылар қаншаға алынады?

Елімізге ауадай қажет медициналық құрылғылар қаншаға алынады?

Жасанды желдету аппараты жеткізіліксіз. Еліміздегі эпидемиологиялық ахуал бұдан әрі де ушығатын болса, тағы 4 мыңнан аса тыныс алу құрылғысы қажет болады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.

Қазір еліміздегі инфекциялық ауруханаларда мың жарымнан аса реанимациялық төсек пен 966 өкпені жасанды желдету аппараты бар. Бірақ науқас санының көбейіп жатқанын ескеретін болсақ, бұл мүлдем жеткіліксіз. Ұлттық қоғамдық денсаулықты сақтау орталығының болжамына сәйкес, бізге алдағы уақытта тағы 3 жарым мыңға жуық реанимациялық кереуеті мен 4092 тыныс алу құрылғысын сатып алу қажет. Сонда ғана денсаулық сақтау мекемелері ахуалдың «ең қиын сценарийіне» дайын болады. Алексей Цой елімізге ауадай қажет болып жатқан медициналық құрылғыларды қай ақшаға алатынын да шешіп қойыпты.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Дүниежүзілік банктің қарыздарын қайта бөлу арқылы құны 5,5 млрд теңге болатын 460 желдеткіш қондырғысы алынбақ. Бұған қоса, жергілікті әкімдіктердің қаржылық резервтері есебінен 4,9 млрд теңге тұратын тағы 409 құрылғы сатып алынады. Ал мемлекеттік резервтен, яғни отандық өндірушілерден 38,7 млрд теңгеге 3 мыңнан астам механикалық желдету аппаратын сатып алу жоспарлануда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде