{metadescription}
Бейіттегі бизнес: Жерлеу қызметін миллионға дейін қымбаттатқан
Бейіттегі бизнес: Жерлеу қызметін миллионға дейін қымбаттатқан

Бейіттегі бизнес: Жерлеу қызметін миллионға дейін қымбаттатқан

Бейіт басында бизнес жасаған. Алматыда жерлеу қызметін миллион теңгеге дейін қымбаттатқан қабіршілер құрықталды.

Зираттың екі қызметкері жақынын жер қойнына тапсыруға келген жандардан жерлеу рәсіміне қосымша ақы талап еткен. Қабіршілер түбіртекті де көрсетпей, ақшаны заңсыз иемденген. Бейіт басындағы бассыздыққа шыдамаған сегіз адам бірден полицияға шағымданған. Қазір күдікке ілінген азаматтар қамауға алынды. Тәртіп сақшылары қорымдағы қарбаласты пайдаланып, қалтасын қампайтқысы келетіндер үш жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін екенін ескертті. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі

-ҚК 190 бабы, 4-тармағы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Кеше екі азаматты қолға түсірдік. Екеуі де зиратта жұмыс істеген азаматтар. Олар өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады. Бірақ олар қаза болғандардың туыстарына материалдық қана емес моральдық нұқсан келтірді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.