Шорнақтағы жанжал неден шықты?
Түркістан облысының Шорнақ ауылындағы төбелеске қатысы бар деген 4 адам құрықталды. Әлеуметтік желілердегі жалған ақпаратқа иланған тағы 80-нен астам азамат Шорнақ ауылына келген тұста қолға түскен. Олар әр өңірдің тұрғындары.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
24.07.2020
Оқиға орнында жағдай тұрақталған. Тас атысқан жаппай төбелес салдарынан учаскелік инспектор мен үш тұрғын жарақаттаныпты. Жедел іздестіру шаралары кезінде 4 азамат қолға түскен. Мессенджерлерде жалған ақпарат тарату салдарынан әр өңірден 80-нен аса адам жиналып, Шорнақ ауылына келген екен. Олардың бәрі кейін қайтарылыпты. Ал төбелестің нақты неден шыққаны әлі айтылған жоқ. Ішкі істер министрі мұны жәй тұрмыстық жанжал деп отыр.
Ерлан Тұрғымбаев, ҚР Ішкі істер министрі:
-Қазір жанжалдың неден шыққаны, барлық мән-жай тексеріліп жатыр. Бұзақылық фактісімен тергеу жүргізілуде. Бірақ арандатушылар әлеуметтік желі арқылы тәртіпсіздік жасауға шақырып, жалған ақпарат таратқан. Полиция қызметкерлері бұл заңсыз әрекеттердің жолын кесті. Бұл үшін заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертемін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!