{metadescription}
Тамызда 42 500 теңгенің орнына 21 250 төленетін болды
Тамызда 42 500 теңгенің орнына 21 250 төленетін болды

Тамызда 42 500 теңгенің орнына 21 250 төленетін болды

Карантиннің тағы да екі аптаға ұзаруына байланысты табыссыз қалғандарға тамыз айында 42 500 емес, оның жартысы, яғни 21 250 теңгеден төленетін болды. Ал жалпы елде вирус жұқтырғандардың тәуліктік өсімі 4 пайыздан 1,7 пайызға түсіпті. Соның арқасында  жеті өңірдегі 15 қосымша провизор жабылып, ауруханалар әдеттегі қызметіне оралған. «Бірақ бұл оң өзгерістерге масаттанбай, шектеу шараларын күйшейтіп, санитарлық талаптардың сақталуына екпін қойған жөн», - дейді вице-пермьер Ералы Тоғжанов.

Тыйымдар тамыз басында алынып тасталады дегенде, бүкіл ел бөркін аспанға атып, сол сәтті асыға күтіп еді. Бірақ президент ұсыныс айтты, ал мемлекеттік комиссия карантинді тағы екі аптаға ұзартуды бекітіп те қойды. Бұл дегеніміз, келесі аптадан әуелде ашылады деген кәсіпорындар  жұмысына кірісе алмайды. Ал үкімет карантин кесірінен кіріссіз қалғандарды қанағаттандырмаққа қам да жасапты.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Карантиннің тағы да екі аптаға ұзартылуына байланысты Президенттің тапсырмасына сәйкес, табыссыз қалған азаматтарға төлем жасалады. Бірақ екі апта үшін 42 500 емес, жартысын, яғни 21 250 теңге алатын болады.

Жағдайдың біршама тұрақтанғанын Денсаулық сақтау министрлігі келтірген деректер де растап отыр. Мәселен, вирус жұқтыру көрсеткіші тәулігіне 4 пайыздан 1,7 пайызға дейін төмендеген. Соның арқасында, еліміздің 7 өңіріндегі 15 қосымша провизорлық стационар жабылып, ауруханалар әдеттегі қызметіне кірісіп кетіпті. Ал ауруханалар мен емханаларға қажетті препараттардың бір айлық қоры да әзірленіп қойған. Жанашыр мемлекеттерден осы уақытқа дейін Қазақстанға 10 миллион дана дәрі келіпті. Денсаулық сақтау министрлігі «covid-тің кезекті толқынына әзірміз» деп отыр.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

-Расында елдегі коронавируспен науқастанғандардан босаған стационарлар жабылып жатыр. Бірақ вирустың кезекті толқыны бастала қалса, қосымша орындар қажет болса, онда олар қайтадан науқастарды қабылдауға кірісуге әркез дайын тұрады. Бір сөзбен айтқанда, провизорлар резервте болады.

Ералы Тоғжанов вируспен күресте қазақы қонақжайлық пен талай ғасырлық салт-дәстүрлерімізді де сәл ысыра тұруға шақырды. Қаншама ескертулер жасалып, айыппұл да салынып жатқанымен, тыйымға пысырып та қарамайтындар әлі де көп екен. Мәселен осы карантинде 4 жарым мың заң бұзушылық дерегі тіркелген. Ал бас қосудан бас тартпаудың салдары сан соқтырып жатыр.

Ералы Тоғжанов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

-Санитарлық талаптарды сақтамаудың соңы қайғылы жағдайға әкеп соғып отыр. Қостанай облысының Жітіқара қаласында асқа келген бір адам сегіз адамға вирус жұқтырған. Нұр-Сұлтан қаласынан коронавирус симптомдары бар жігіт Көкшетаудағы ата-анасына келіп, байланыс жасағаннан кейін 15 адамға жұқтырған. Өкінішке қарай, кейін ата-анасы қайтыс болды. Қарағандыда бір адам мерейтойға жиналған 16 адамның 8-іне вирус жұқтырған. Осы қалада әкімдік 200-ден аса адам жиналған түнгі клубтың жұмыс істеп тұрғанын анықтады.

Балабақшаларға келетін болсақ,олардың жұмысына тыйым жоқ. Бірақ қос ата-ана күні ұзақ жұмыста болған жағдайда ғана балаларына кезекші топтар қарастырылады. Әлбетте санитарлық талаптар қаперден қалмауы тиіс.

Елдегі кәсіпорындар мен ірі сауда кешендерінің жұмысына әлі рұқсат жоқ. Олар карантиннің соңына дейін тиісті бақылаудан өтеді. Қосымша карантиннен соң бизнес нысандар тексеріс қорытындысын дәлелдейтін құжатсыз жұмысқа кірісе алмайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде