{metadescription}
Boeing 737-800: Иран Украинаға өтемақы төлейтін болды
Boeing 737-800: Иран Украинаға өтемақы төлейтін болды

Boeing 737-800: Иран Украинаға өтемақы төлейтін болды

Иран осы елде сегіз айға жуық уақыт бұрын атып түсірілген Украинаның Boeing 737-800 ұшағына қатысты дауға нүкте қойды. Яғни ресми Теһран «Украинаның халықаралық әуе желісі» компаниясына өтемақы төлейтін болды. Бұл туралы бүгін Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Аббас Мусави хабарлады. Алайда ол төлем көлемі мен шыққан шығынды есептеуге біршама уақыт қажет дейді. Бұған қоса, ұшақ ішінде өз елінің азаматтары да көп болғанын ескерте кетті.

Украина мен Иран арасындағы өтемақы туралы келіссөз кеше қайта қаралды. Биыл 8-қаңтарда Теһраннан Киевке ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшыраған еді. Соның салдарынан әуе кемесіндегі 176 адамның барлығы қаза тапты. Тұрғын үйлердің үстінен ұшып өтіп, саябақ аумағына құлаған әуе кемесінде Канада, Иран, Ауғанстан, Германия, Ұлыбритания, Украина азаматтары болған.Ә дегенде бұл апатқа қатысты түрлі болжам айтылғанымен, кейін Иран әскерилері «Бойнгты» жаудың қанатты зымыраны деп ойлап атып түсіргенін мойындады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде