{metadescription}
Минскіде митингке 10 мыңнан аса адам жиналды
Минскіде митингке 10 мыңнан аса адам жиналды

Минскіде митингке 10 мыңнан аса адам жиналды

Саяси дода алдындағы дүрбелең! Беларусь астанасында президенттікке оппозициядан үміткер өткізген митингке 10 мыңнан аса адам жиналды.

Оппозиция өкілі Светлана Тихановскаяны қолдап келген халықтың қарасы көп. Бас қалада бас көтерген үміткер жұртшылықты жеңіске бірге жетуге шақырды. Ол 9-тамызда өтетін президент сайлауында Александр Лукашенконың басты қарсыластарының бірі болғалы тұр.

Саясаткер қамауға алынған оппозиционер күйеуі Сергей Тихановскийдің орнына қатысып отыр. Үміткер қазіргі биліктің халық төңкеріс жасағалы жатыр деген сөзін теріске шығарып, ел үшін атқарылуы тиіс шаруаларға тоқталды. Алайда ресми Минск жұрттың осылай жиналуы жаппай бей-берекетсіздікке әкеп соғады деген ойынан танбай отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде