{metadescription}
Семейде шенді әскерилер кәсіпкерден пара талап еткен
Семейде шенді әскерилер кәсіпкерден пара талап еткен

Семейде шенді әскерилер кәсіпкерден пара талап еткен

Семейде шенді әскерилер қамауға алынды. Қорғаныс министрлігіне қарасты Әскерилерді пәтерге орналастыру бас басқармасының Семей эксплуатациялық бөлімінің басшысы мен оның орынбасары пара алды деп айыпталуда. Подполковник пен капитанға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Олар кәсіпкерден орындалған жұмыс актілеріне қол қою үшін 1 миллион 800 мың теңге пара талап еткен. Алайда ауызбастырықтарын алған сәтте жемқорлыққа қарсы күрес қызметкерлерінің құрығына түсті. Подполковник бірден абақтыға қамалды. Ал оның орынбасары әзірге бостандықта жүр. Дегенмен екеуіне қатысты да қылмыстық іс қозғалған. Енді подполковник пен капитан сот алдында жауап бермек.

Жігер Байділдин, ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:

-Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді. Күдіктілерге қатысты шешім олардың кінәсі мен дәрежесін анықтай отырып сотпен анықталатын болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде