{metadescription}
Заңсыз сауда: 20 миллионға дәрілік зат тәркіленді
Заңсыз сауда: 20 миллионға дәрілік зат тәркіленді

Заңсыз сауда: 20 миллионға дәрілік зат тәркіленді

Елордада тапшы препараттарды аса қымбат бағамен сатқан екі азамат қолға түсті. Онлайн сатылымға қойылған дәрілік заттардың жалпы құны 300 мың теңгеден асып түседі.

Нұр-Сұлтан қаласында 41 жастағы әйелден 29 инъекциядан тұратын, жалпы құны 150 мың теңгеден асып түсетін түрлі препараттар тәркіленген. Ал дәрілік заттардың заңсыз саудасымен айланысқан астананың 24 жастағы тұрғынынан 160 мың теңгеге тең келетін дәрілік заттар тәркіленіпті. Тек бір тәуліктің ішінде ғана полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында 8 дәріханада препараттардың заңсыз жоғары бағамен саудалануын әшкерелеген. Заң бұзған фармацевтерге қатысты тиісті шара қабылданған. Жалпы, фармацевтика саласын тексеру барысында жүзден астам құқық бұзушылық анықталып, жалпы 117, соның ішінде 70 шақты фармацевт қолға түскен. Рейд барысында тәркіленген дәрілік заттардың жалпы құны 20 миллион теңге. Егер препараттарды заңсыз сату дерегімен кезіксеңіз, дереу полиция департаментіне хабарласыңыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде