{metadescription}
Covid-19: Қазақстан әлемде 27-орынға шықты
Covid-19: Қазақстан әлемде 27-орынға шықты

Covid-19: Қазақстан әлемде 27-орынға шықты

Індеттің тоқтайтын түрі жоқ. Елде коронавирусқа шалдыққандардың саны 90 мыңға жақындады. Өткен түннің өзінде 1414 адам бұл сүреңсіз статистиканы толықтырған. Оның 627-сінде дерттің еш белгісі жоқ. Қазақстан аталмыш індетке шалдыққандардың саны бойынша әлемде 27-ші орынға шықты.

Көңіл көншітпейтін көрсеткіштен Алматы көш басында. Мегаполисте соңғы бір тәулікте 218 адамнан коронавирус анықталып, ковид-19-бен тіркелгендер саны 12 мыңға жуықтады. Одан кейінгі орынға орныққан Нұр-Сұлтан мен Атырау облысында да статистика осы шамалас.

Елордада 11 028 науқас қауіпті кеселді жұқтырса, мұнайлы өлкеде індеттің ілмегіне іліккендер 10 мыңнан асып кетті. Коронавирус соңғы күндері Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында да көп тіркеліп жатыр.

Жалпы елімізде ковид-19-дан 60 мыңға жуық адам жазылып шығып, өкінішке қарай, 793 науқас қайтыс болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде