{metadescription}
Тоқаев рухы асқақ қазақ елінің барлық сынақты еңсеретініне сенеді
Тоқаев рухы асқақ қазақ елінің барлық сынақты еңсеретініне сенеді

Тоқаев рухы асқақ қазақ елінің барлық сынақты еңсеретініне сенеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман қауымын қасиетті Құрбан айт мейрамымен құттықтады. Мемлекет басшысының жүрекжарды тілегі Ақорданың сайтында жарияланды. Онда Тоқаев қауіпті індетті жеңіп шығу үшін елге тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажеттігін айтқан.

Әдетте мыңдаған мұсылманмен бірге ел басшылары таң алакеуімнен мешітке барып, айт намазын оқитын. Биыл пандемияға байланысты бәріне тыйым салынған. Сол себепті де мемлекет басшысы тек ресми сайт арқылы құттықтады. Онда Тоқаев Құрбан айт мейрамының мән-маңыздылығына тоқталып, қауіпті індетті жеңіп шығу үшін халыққа тас-түйін ауызбіршілік пен темірдей тәртіп қажеттігін айтқан. Президент рухы асқақ қазақ елінің барлық сынақты еңсеретініне сенеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Қазіргідей күрделі кезеңде бір-бірімізге қол ұшын беріп, барымызды бөлісіп, жұртымыздың аман-саулығын ойлап, жауапкершілік танытуымыз аса маңызды. Тілегіміз бір, ниетіміз ортақ болса, мақсатымызға жетеміз. Бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын бұл мерекенің мән-мағынасы да осында екенін баса айтқым келеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде