{metadescription}
Сақ бол! Қайтыс болған науқастың денесінде вирус сақталады екен
Сақ бол! Қайтыс болған науқастың денесінде вирус сақталады екен

Сақ бол! Қайтыс болған науқастың денесінде вирус сақталады екен

Мәйіттен індет жұқтыру қаупі жоғары. Осылай деп дабыл қаққан алматылық эпидемиологтар коронавирус құрбандарын санитарлық талап бойынша жерлеп, жұртты сақ болуға шақырды. Өйткені СOVID-19-дан қайтыс болғандардың денесінде вирус кемі 15 сағатқа дейін сақталады екен. Бұл пікірді санитар-дәрігерлер де растап отыр. Мүрдеден төнген қауіп қандай?  

Бір ай бұрын Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19-дан қайтыс болғандарды санитарлық талаптарды сақтай отырып, кез келген зиратта жерлеуге болады деген шешім шығарған. Алайда бұлай жасалса, қауіпті кесел одан сайын кеулеп кетуі мүмкін дейді эпидемиологтар. Олардың айтуынша, індеттен көз жұмған адамның денесінде вирус 15 сағатқа дейін сақталып, өзге адамдарға жұғуы ықтимал.

Бақыт Рамазанова, С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ микробиология және вирусология кафедрасының меңгерушісі:

Коронавирустан ажал құшқан адамнан алғашқы екі-үш күн вирус жұғу қаупі жоғары болады. Ол марқұмның ағзасында кемі жарты тәулікке дейін сақталады. Мәйітхана қызметкерлері індеттен қайтыс болған адамды сойған кезде немесе жуындырған уақытта қорғаныш құралдарын кигені жөн. Сондай-ақ, жақындарын жер қойнына тапсыратын жандар санитарлық ережені сақтауы тиіс.

Жұқпалы дерт осы күнге дейін елімізде талай жанның өмірін жалмады. 1-тамыздан бастап қаралы тізімге пневмониядан көз жұмғандар қосылып, коронавирус құрбандары қазір мыңнан асқан. Осы орайда санитар дәрігерлер мәйіттен кесел жабысатынын растап отыр. Алайда олар мәйітхана қызметкерлері қауіпсіздік ережесін қатаң сақтайтынын алға тартты. «Сондықтан жерлеу рәсімі арнайы тәртіппен жүзеге асса, үрейге бой алдырудың еш қажеттілігі жоқ», - дейді жауапты департмент өкілдері.

Айгүл Шағалтаева, Нұр-Сұлтан қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары:

- Бұл мәселе әлі толық зерттелген жоқ. Ғалымдар түрлі пікір айтады. Бірақ қауіптің бар екенін теріске шығармаймыз. Сол үшін де жерлеудің арнайы алгоритмі әзірленген. Егер осы тәртіпті медицина қызметкерлері мен марқұмның жақындары орындаса, бәрі дұрыс болады. Коронавирустың ауа арқылы тарайтынын ұмытпауымыз керек.   

Мәйітханада марқұмды алдымен дезинфекциялық сұйықтықпен жуындырып, кебінге салады. Кейін мүрдені полиэтилен пакетпен орайды. Бұл жоралғыны тек арнайы мамандар істейді. Себебі, аурудан ажал құшқан адамды қорғаныш құралдарынсыз қолмен ұстап, оған жақындауға мүлдем болмайды. Жақындарын жер қойнына тапсыруға келген жандар бетперде киіп, арақашықтық сақтауы тиіс.

Бас санитар дәрігердің ережесін елемейтін жұрттың қарасы көп. Жерлеу рәсімінде жүрген қарақұрым халықтың түрлі видеолары әлеуметтік желіде өріп жүр. Қорымдағы қарбаласта ара қашықтық сақталу былай тұрсын, бетперде кимейтіндер де жетіп артылады. Ал елімізде марқұммен қоштасуға барып, коронавирус жұқтырған науқастар бар. Бірақ олардың саны нақты белгісіз. Сондықтан эпидемиологтар халық зиратта қарапайым санитарлық ережені орындауға міндетті деп отыр. Өйткені бір адамның салғырттығы талай жанның денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.