{metadescription}
Соңғы тәулікте 1799 адамнан коронавирус анықталды – статистика
Соңғы тәулікте 1799 адамнан коронавирус анықталды – статистика

Соңғы тәулікте 1799 адамнан коронавирус анықталды – статистика

Елімізде өткен тәуліктен бері тағы 1799 адамнан коронавирус анықталды. Жұқтырғандардың жартысында дерт белгілері білінбеген. Осылайша қауіпті дертке шалдыққандардың жалпы саны 95 мыңға жуықтады.

Ковид жұқтырғандардың көш басында Нұр-Сұлтан қаласы тұр. Елордада бір тәулікте 210 адамнан анықталып, індет жұқтырғандар саны 12 мыңнан асып кетті.

Екінші орында Алматы қаласы. Алматыда кешелі бері 176 адамнан короновирус анықталған. Сөйтіп дертке шалдыққандардың жалпы саны 12 мың 640 адамға дейін өсті.

Ковид жұқтыру жағынан үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысы шықты. Аймақта 122 адам тіркеліп, ауырғандар саны 7 мыңға жуық.

Елде аталмыш ауруды жұқтырғандардың 67 мыңы жазылып шығыпты. Өкінішке қарай, өлгендер саны да аз емес. Короновирустан 1058 адам көз жұмған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде