{metadescription}
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына бөлінген қаржы қысқартылды
«Рухани жаңғыру» бағдарламасына бөлінген қаржы қысқартылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына бөлінген қаржы қысқартылды

«Рухани жаңғыру» бағдарламасына бөлінген қаржы қысқартылды.  Пандемия кесірінен бюджет әлі де азайтылуы мүмкін. Биыл бөлінген ақша 277 миллион теңге шамасында. Бағдарлама жүзеге асырылған үш жылда қазынадан бес миллиард теңгеден астам қаржы құйылыпты.

Бағдарлама 2017 жылы тұңғыш президент бастамасымен іске асқан болатын. Сол кезде «Рухани жаңғыруға» республикалық бюджеттен 4 миллиард 200 миллион теңге қарастырылды. Ал ақпарат министрлігі қаржы тек былтыр бөлінгенін алға тартады. 531 миллион теңгеге салалық орган ақпараттық жұмыстар жүргізген. Биыл Ақпарат министрлігі «Рухани жаңғыруға» екі есе аз сома, яғни 300 миллиондай теңге алыпты. Елде енгізілген карантиннен миллиондаған қаржы тағы да қысқартылмақшы.

Болат Тілепов, ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі:

- 2020 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасына 277 миллион теңге бөлінді. Бұл сома өткен жылғадан қарағанда екі аз. Сондай-ақ пандемиядан бірқатар іс-шара онлайн форматта өтті, сол себепті қаржы да азайтылады. Нақты сандарды барлық бюджеттік шығындар есептелгеннен кейін, жыл соңында айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде