{metadescription}
Азық-түлік пен тауар бағасы тағы да шарықтауы мүмкін
Азық-түлік пен тауар бағасы тағы да шарықтауы мүмкін

Азық-түлік пен тауар бағасы тағы да шарықтауы мүмкін

Қазақстанда инфляция деңгейі 9 пайызға жетуі мүмкін. Fitch Ratings америкалық агенттігі осындай болжам жасады. 

Осыған дейін ұлттық банк 2020 жылы инфляция деңгейі 8-8,5 пайыздық дәлізде сақталатынын айтқан еді. Кейін оның көрсеткішін төмендетуді де жоспарлаған. Алайда шетелдік сарапшылар бұл болжам орындалмай қалуы да мүмкін деп отыр. Өйткені пандемия ел экономикасына кері әсер еткен. Шетел валютасының қымбаттауы жығылғанға жұдырық болып тұр. Қазір ақша айырбастау орындарында 1 доллар 419 теңгеге саудаланып жатыр. 

Агенттіктің мәліметінше, инфляция тұрақтылығы сақталмаса, азық-түлік пен түрлі тауарлардың бағасы тағы да шарықтап кетуі мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде