{metadescription}
Коронавирус: 200-ге жуық науқас ауыр хәлде жатыр
Коронавирус: 200-ге жуық науқас ауыр хәлде жатыр

Коронавирус: 200-ге жуық науқас ауыр хәлде жатыр

Елімізде коронавирусқа шалдыққан екі жүзге жуық науқас ауыр хәлде жатыр. Олардың 42-сі аппаратқа қосылған. 35 адам әл үстінде. Дегенмен мамандар «індеттің таралуы азайды» деп отыр.  

Соңғы бір тәулікте елде COVID-19-ды жұқтырған 77 адам тіркелді. Олардың барлығы қызуы көтеріліп, індеттің  белгілерімен дәрігерге жүгінген. Қауіпті аурудың Атырау, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарында беті қайтпай тұр. Солтүстік Қазақстан өңірінде де бір күнде тоғыз адамнан вирус табылды. Сондай-ақ, вирус белгілері бар пневмонияға соңғы тәулікте он адам шалдыққан. Осы дерттен екі науқас бақилық болды. Дегенмен мамандар бірқатар өңірлерде эпидемиялогиялық ахуалдың жақсарып келе жатқанын айтады. Шымкентте, Ақтөбе, Қызылорда және Маңғыстау облыстарында кешелі бері коронавируспен ешкім ауырмады.

Гүлшат Сералы, Ақтөбе облысы тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

- Ақтөбе облысында соңғы апталарда бір-екі науқастан ғана тіркелсе,  өткен тәулікте КВИ-мен ауырған науқас тіркелген жоқ. Жалпы Ақтөбе облысында эпиджағдай тұрақты. Тіркелген 3218 адамның 49 пайызы – симптомды, 51 пайызы – симптомсыз науқастар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде