{metadescription}
Аймақтарда алғашқы қоңырау қалай өтті? 
Аймақтарда алғашқы қоңырау қалай өтті? 

Аймақтарда алғашқы қоңырау қалай өтті? 

Биылғы оқу бұрыңғыдан өзгерек – 1-ші қыркүйек болғанымен, мектептерде алғашқы қоңырау соғылған жоқ. Оқушылар мен мұғалімдер мерекені әдеттегідей сән-салтанатпен емес, үйінде қарсы алды. Қашықтан оқуды 2 миллион 600 мың бала бастады. Дегенмен дәстүрлі оқу жүйесіне оралатын күн алыс емес сыңайлы. Бүгін президент барлық санитарлық талапты сақтай отырып, бұрынғыша білім беруге кірісу керектігін айтты. Күздің алғашқы мерекесі білім ошақтарында қалай өткенін тілшіміз көріп қайтты.  

1-қыркүйек. Ұстаз бен шәкіртке нағыз мейрам. Бірақ биыл оқу жылының басталғанын оқушылар бұрыңғыдай сезіне алмады. Еліміздің барлық мектептерінде қоңырау соғылған жоқ. Мәселен, елорданың білім ошақтары тек бірінші сынып оқушыларына мерекелік шара ұйымдастырды.

Ақтөбе мектептерінде де таң атқалы қарбалас. Әсіресе алтын ұя табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Қолына шар ұстаған балаларды ұстаздар сән-салтанатпен қарсы алды.

Гүлсара Сопанова, Ақтөбе қаласы №55 мектеп-гимпанзиясының бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасары:

- Карантиндік жағдайларға қарамастан, мектепте бірінші класстарға арналған сынып сағаты ұйымдастырылып жатыр.Өздерінің класс жетекшілерін көрсін, мектепті көрсін, партада отырып, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлау үшін осындай іс-шара ұйымдастырдық. Сынып сағатында 15 баладан артық болмайды.

Алматы мектептерінде мерекенің нышаны да байқалмайды. Білім ошақтарында өлі тыныштық. Өйткені «сақтықта қорлық жоқ» деген қаланың кей мектептері сынып сағатын мүлдем өткізбепті. Солардың бірі - №68 мектеп-гимназиясы. Мектеп ұжымы білім күніне алдын ала ролик дайындап, соны оқушыларға тарата салдық деп отыр. Ал педагогтарға биыл балалардың орнына жас мұғалімдер гүл беріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Елімізде осылай мектепке құлшынып келген бүлдіршіндер саны 350 мыңнан асқан. Бастауыш сыныбындағы жарты миллионнан астам бала ата-аналарының өтінішімен кезекші топтарға қабылданды. Оқушы саны аз шағын білім ошақтары да бұрынғыдай оқи бермек.

Республика бойынша биыл 2 миллион 600 мың бала қашықтан білім алады. Алайда онлайн оқуға алыстағы ауыл тұрмақ, кей қаланың өзі әлі дайын емес. Себебі, көп жерде интернеттің сапасы сын көтермейді. Онлайн форматқа Үкіметтің дайын болмағанын бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та айтты. Оқушылар бұрыңғыдай мектепке барып, сапалы білім алу керек деген президент дәстүрлі тәсілге көшу жолдарын қарастыруды министрлер кабинетіне тапсырды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

13 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде