{metadescription}
Полицейлер өзін өлтірмек болған қызды құтқарып қалды
Полицейлер өзін өлтірмек болған қызды құтқарып қалды

Полицейлер өзін өлтірмек болған қызды құтқарып қалды

Бір өлімнен аман қалды! Елордада өзін өлтірмек болған жасөспірімді полицейлер құтқарып қалды. Сарайшық көшесіндегі көпірден секіріп өлуге бекінген 16 жастағы қыздың әрекеті полицейлердің бейнетіркеу құралына түсіп қалған.

Суицидке оқталған бойжеткенді құтқаруға төрт патрульдік полицей бірден кіріскен. Бірі қызды райынан қайтаруға диалог орнатады. Өйткені қыз өзіне ешкімнің жақындамауын айтып айғайға басқан. Жасөспірімнің назары басқаға ауғанда, оны сол жақ тұсынан екінші полицей ұстап алды. Ал қалған екі тәртіп сақшысы әріптестеріне көмектесіп, қызды көпірдің арғы бетіне шығарды. 11-сыныптың оқушысы оқиғадан соң, ата-анасымен бірге, мән-жайды түсіндіруге полиция бөліміне жеткізілді. Қазір жасөспіріммен психолог жұмыс істеп жатыр.

Эльмира Шәуленова, Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Сол жерден өтіп бара жатқан қала тұрғыны хабарлаған. Сағат 9:46-да. Бес минуттың ішінде полиция қызметкерлері оқиға орнында болды. Алдымен өзінің осы әрекетінен бас тарту туралы полиция қызметкерлерінің ескертуіне қыз құлақ асқан жоқ, сонымен жедел әрекет жасауға көшті. Еш жері жарақаттанған жоқ. Қазір қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде