{metadescription}
Зейнетақы жинағы баспанаға жете ме? Мамандар пікірі
Зейнетақы жинағы баспанаға жете ме? Мамандар пікірі

Зейнетақы жинағы баспанаға жете ме? Мамандар пікірі

Бейнеттің зейнетін көрмейтіндер көп. Екі күннен бері қызу талқыға түскен зейнетақы қорындағы қаржыдан қағылатынына көпшілік қапалы. Негізінен мұғалім, дәрігер секілді жалақысы төмен қызметкерлердің қордағы жинағы жетпей қалатын сыңайлы. Экономистер де бұл бастаманы мақұлдаған мамандар «халықтың әлеуетін есепке алмады» деген пікірде.

Оның үстіне, келер жылы пәтер бағасы да күрт қымбаттайтын түрі бар. Өйткені риелторлар қордағы ақшаны алғандардың дені оны баспана алуға жұмсайтынына сенімді. Мамандардың пікірі қандай?

Қарағандылық Екатерина Сухачева 12 жылдан бері еңбек департаментінде еңбектеніп келеді. Бірақ бүгінге дейін зейнетақы қорында жиналған қаржысы бір жарым миллион теңгеге де жетпеген. Соның кесірінен шарт шеңберінде ақшасын ала алмайды.

Екатерина Сухачева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

Әр адамның өз зейнетақы қорындағы ақшасын алуға құқығы болу керек. Біріне беріп, екіншісі ала алмаған болмайды. Жасым отыздан асты. Жаңа бағдарламаның арқасында ипотекаға үй алам ба деп үміттеніп ем. Мен секілді қаншама адам бар.

Қордан ақша алу туралы жаңалық жылт еткенде, бұл батпан құйрықтан көбі қаржы алуға дәмелі болды. Бірақ айналып келгенде айлығы шайлығына жетпейтіндер қағылып, ақшаны күрекпен тауып жүрген қызығын көретін түрі бар.

Бақнұр Зиябеков, экономист:

- Экономистердің санағаны бойынша, олар алтын көпір табамыз деп есептеді. Барлығына қолжетімді болатындай жасамаған. Жалақысы жоғары адамдарға тиімді. Мұнай саласы, экономика саласы, қаржы саласы. Мысалы, мұғалімдер, дәрігерлер немесе үкіметке жұмыс жасайтын адамдарға тиімділігі келмей тұр.

Сарапшылар зейнетақы жинағынан үлесін алғандар негізінен ақшаны пәтер алуға жұмсайды деген пікірде. Қаңтарда құн қымбаттайды деген болжамын риелторлар қазірден айтып жатыр.

Айнұр Құдайбергенова, жылжымайтын мүлік агенттігінің директоры:

Жылжымайтын мүліктің бағасын қолдан қымбаттатуы мүмкін. Өйткені пәтерін сатушылар пайдасын одан сайын еселеп қалғысы келеді. Біздің болжам бойынша, мегаполистердегі баспана құны шамамен бес пайызға қымбаттайды.

Қалада да, ауылда да қазір жинақ туралы әңгіме гу-гу қызып жатыр. Зейнетақы қорынан ақшасын алуға әркімнің-ақ бар таласы. Бірақ, шамасы ше? Статистика бойынша елдегі еңбек жасындағы азаматтардың саны 10 млн-ға жетіп жығылады. Оның тек он пайызға жуығы ғана бұл бағдарламаның қызығын көрмек.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде