{metadescription}
Семей рейд: Жылу маусымындағы өлімге не себеп?
Семей рейд: Жылу маусымындағы өлімге не себеп?

Семей рейд: Жылу маусымындағы өлімге не себеп?

Пештегі ақау жылу маусымы кезіндегі ажалға бірден-бір себеп. Жұрттың қарапайым ережені сақтамай, немқұрайлы қарауынан Семейдегі сүреңсіз статистика екі есе өскен. Сондықтан төтенше жағдайлар қызметі жеке сектордағы баспаналарды жаппай тексеріп жатыр.

- Қашан тазаладыңыздар?

- Тазалағанымызға бір ай болды.

Мынандай сынық болмасын.

Бұл жолы төтеншеліктердің қатарына белсенділер де қосылды. Олар әр үйді аралап, пештерінің қалай орналасқанына дейін тексерді. Олқылық шаш етектен. Тұрғындардың көбі пеш құдығын әлі күнге дейін күлден тазартпаған. Жылдап жөндеу көрмегендері қаншама. Әзірге мамандар мұндай салғырттыққа жол берген тұрғындарға тек ескерту жасаумен шектелді. Енді оны елемегендер жауапқа тартылатын болады.

Бауыржан Кеңесбаев Семей қалалық ТЖБ аға инженері:

Ең бірінші ескерту беріледі. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша. Ал екінші рет бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.