{metadescription}
Алматыда түн ортасында газ құбыры жарылды
Алматыда түн ортасында газ құбыры жарылды

Алматыда түн ортасында газ құбыры жарылды

Алматы көшелерінің бірінде газ құбыры жарылды. Түнде қатты қысыммен атқылаған газ тұрғындардың түн ұйқысын бұзған. Төтенше жағдайдан шошынып қалған жұрт газ құбырының сапасыздығына наразы. Бірнеше күн бұрын дәл сол көшедегі үйде газ жарылып, бір адам ажал құшқан.

Түн жарымында болған оқыс оқиғаны тұрғындар қорқынышпен еске алады. Сырттағы дауысты естіген олар іле-шала далаға шығыпты. Сөйтсе көшеде құбыры жарылып, газ атқылаған. Аяғынан тік тұрған үй қожайындары енді далаға шығуға жүрексініп отыр.

Айман Қалқабекова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Үйде кішкентай бала бар. «Мама қараңызшы, далада бу шығып жатыр» деді түнде. «Ойбай, газ!»  деп, апыл-ғұпыл киініп далаға шықтық. Жарықтың бәрін өшіріп, көрпе жамылып далаға шығып, таңға дейін жүрдік. Құжаттарымыз жайына қалды.

Ләйлә Қалқабекова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Газ күндізден бастап шыға бастаған. Балаларым есік алдында ойнайды. Газдың иісін бала сезбейді, мысалға. Кешке жақын ауырып,газды иіскеп-иіскеп... кісілер тұрмайтын болса, ертең ерте мына кварталдың бәрі газдан уланып өледі ғой.

Айтуынша, бірнеше күн бұрын осы көшеде қайғылы жағдай болған. Көрші үйде газ жарылып, дүмпу іштегі барлық бөлмені шарпыған. Соның салдарынан есігі жұлынып, терезесіне дейін қирапты. Ал жуынатын бөлмеде болған үй иесі денесін қатты күйік шалып ажал құшқан.

Светлана Поварова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Жарылыс таңғы сағат 6 жарымда болды. Ол кезде жолдасым жұмысқа баруға оянған еді. Бір сәтте жуынатын бөлме жақтан оның «күйіп барамын» деген жан дауысы шықты. Сөйте бергенде үйдің бәрін газдың жалыны шарпып өтті. Сөйтіп бес күн жансақтау бөлімнде жатқан күйеуім.

Қайғылы оқиғаға сараптама жасаған мамандар септикте жиналған газдан болған деген қорытынды шығарыпты. Ал тұрғындар бүгінгі оқиғадан соң барлығына орталықтандырылған газ құбырының сапасыздығын кінәлап отыр. Бірақ мамандар бұл сөзбен келіспейміз дейді. 

Ғалым Бекен, «ҚазТрансГазАймақ» компаниясы өндірістік бөлімінің бас маманы:

- Жол жасау жұмысы кезінде үлкен ауыр жол жасау құралдары полиэтилен құбырына үлкен салмақта әсер еткен болуы мүмкін.Тәжібаев көшесінде болған жағдайды төтенше жағдайдың мамандары анықтап табиғи газ емес, су кәрізінен шыққан газдан болған деген сараптама бар.

Осылайша жауаптылар әлі де апаттың себебі анықталып жатқанын айтады. Барлық жөндеу және тексеру жұмысы біткеннен кейін ғана үйлерге газ қайта жіберіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде