{metadescription}
Алматыда 3-4 сынып оқушылары офлайн оқуға кірісті
Алматыда 3-4 сынып оқушылары офлайн оқуға кірісті

Алматыда 3-4 сынып оқушылары офлайн оқуға кірісті

Алматыда 3-4 сынып оқушылары да мектепке бара алады. Қаладағы білім мекемелері бас санитардың қаулысына сәйкес, кезекші сыныптар ашып, балаларды офлайн оқытуға кірісті. Тек санитарлық талапты қатаң сақтауы тиіс. Кейбір оқу ордасы дайын болғанымен, енді бірінде мұғалім жетіспей, жұмысын жалғастыра алмай отыр.

Қоңырау сыңғырын естіп, мектеп қабырғасында білім алу 3-4 сынып оқушыларына да бұйырды. Бұған дейін тек 1 сынып бүлдіршіндеріне ғана рұқсат етілген. Қаланың бас санитарының бұл шешіміне жан-жақтан ағылған ата-аналардың өтініші себеп. Осылайша шаһардағы оқу ошақтарында ашылған кезекші топтар дәстүрлі білім беруін бастап кетті.

Эра Сейсебаева, №135 мектеп директоры:

- Кезекші сыныптар ашылды. Кезекші сыныптарға біз тамыз айынан бастап дайындалдық. Балалар келіп қалса, мектеп дайын болсын, әр оқушының партасының ара қашықтығын сыздық. Түгел дайындадық. 3-сыныпта 1 топ, 4-сыныпта да 1 топ ашылды.  

Бірақ бұл жаңалық кейбір мектеп басшыларына ұнамады. Оқу ошақтары санитарлық нормаларға сай болғанымен, оқушыларға білім беретін оқытушылар жоқ. Оның өз себептері де бар екен.

Ғалия Әміртаева, №68 мектептің оқу-ісі жөніндегі меңгерушісі:

Керек нәрселердің бәрі бар. Бірақ мұғалім жетіспейді. Кейбіреудің созылмалы ауруы бар. Кейбіреулері екі сыныптан жүргізеді. Одан кейін кішкентай балалары бар. Кейбірінің үйде әке-шешесі ауырады. Сондықтан олар қорқып отыр. Оның үстіне маусымдық аурулар да қылаң бере бастады.

Онлайн ғана емес, офлайн оқытудың да өзіндік қиындықтары туындауда. Дегенмен жұмысына кіріскен білім мекемелеріндегі талап өзгеріссіз қалады. Сыныптағы оқушы саны 15-тен аспауы тиіс. Балаларға кабинет ішінде ара-қашықтық сақтап, үнемі бетперде тағып отыру міндеттеледі. Кезекші сынып оқушысынан коронавирус анықталса, барлығы түгел оқшауланып, қашықтан оқу жүйесіне қайта көшіріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.