{metadescription}
Үш жыл бұрынғы әуе апатында жаңа дерек – ұшақты атқылаған
Үш жыл бұрынғы әуе апатында жаңа дерек – ұшақты атқылаған

Үш жыл бұрынғы әуе апатында жаңа дерек – ұшақты атқылаған

Үш жыл бұрын болған ұшақ апатына қатысты жаңа деректер шықты! Екі дәрігер мен үш экипаж мүшесі қайтыс болған Алматы түбіндегі әуе апатының себебін анықтаумен айналысқан комиссия мүшелері министрліктен істі қайтадан тергеуді сұрап отыр. Айтуларынша, Алматыдан Шымкентке асығыс аттанған санавиация ұшағы бастапқыда айтылғандай «техникалық ақаудың кесірінен» құламаған. Ұшақты әлдебіреулер атқылаған деп болжайды мамандар. 

Виктор Аушев, АН-28 ұшақ апатын тергеуші комиссиясының мүшесі:

- Бастапқы сараптамада апаттың негізгі себебі ретінде «техникалық ақау» деп көрсеттік. Одан кейін екінші пилоттың дайындығы да күмән келтірген еді. Яғни, оның бұл ұшақты басқаруға құжаты болмай шықты. Алайда осы жылдың сәуір айындағы тексеру кезінде пилот кабинасынан оқ іздері анықталды. Бұлұшақ сыртқы әсерден құлаған деген сөз. Сол үшін бірінші сараптамадан бас тартып, қайтадан тергеу жүргізуді сұраймыз. Өйткені шындық айтылуы тиіс.

East Wing әуе компаниясына тиесілі АН-28 санавиация борты кешкісін Алматыдан Шымкентке ұшып шығып, 28 шақырым жерде құлаған болатын. Әуе көлігі 12 минут өтер-өтпестен радардан жоғалып кеткен. Ал екі сағаттан кейін құтқарушылар оны Іле ауданы Қосөзен ауылының маңынан өртке оранған күйінде тапты. Ішінде болған бес адамның бәрі қаза тапқан: ұшақ командирі Геннадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, авиатехник Бейшебек Акматбаев, акушерлік гинекология және перинатология ғылыми орталығының дәрігері Талғат Патсаев пен дәрігер-реаниматолог, профессор Жәнібек Артықбаев. Соңғы екеуі Шымкенттегі облыстық ауруханада жатқан әйелге көмекке баруы тиіс еді. Бірінші сараптама қорытындысында ұшақтың техникалық ақау себептерінен құлады делінген. Соған қатысты әуе компаниясы басшылығы сотқа тартылған. Енді срапашылар ол ойынан айнып, «ұшақты әлдебіреулер атқылаған» деген болжам жасап, қайта тергеуді талап етеді. Десе де министрлік мұнымен келіспейді. Айтуларынша, апат ұшақтың кесірінен болған. Одан қалды, әуе компаниясы ғана емес, сол ұшақты Ресейден қабылдап алған Азаматтық авиация комитеті де жауапқа тартылуы титіс деп есептейді.

Нұрлан Акулов, Индустрия және инрфрақұрылымдық даму министрлігінің ұшақ апаттарын тергеу бойынша бас сарапшысы:

Дұрыс тексерілмеген, шынын айту керек. Ұшақтың құжаттары. Оны мен кезінде айтқанмын. Дұрыс қарамаған тұлғаларды жауапқа тарту туралы. Жаңағы азаматтық авиациядағы істеген кісілер тіркеу кезіндегі және ұшу сертификатын беру кезіндегі тексерген кісілер жауапқа тартылуы керек еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде