{metadescription}
Алматыда 20-дан аса адамнан күтпеген жерден онкоауру анықталды
Алматыда 20-дан аса адамнан күтпеген жерден онкоауру анықталды

Алматыда 20-дан аса адамнан күтпеген жерден онкоауру анықталды

Қатерлі ісікке шалдыққанын кездейсоқ білгендер. Алматыда коронавирусқа қарсы тексерілемін деген 20-дан аса адамнан күтпеген жерден онкологиялық аурудың белгілері анықталған. Қалада эпидемиологиялық ахуал ушыққанда жұрт жаппай скринингтік тексеріске ағылған еді. Онкологтар соның әсерінен обырдың алғашқы сатысында қаралатын науқастар күрт көбейді деп отыр. Бір аурудан тексерілуге барып, екіншісінен дер кезінде айыққан жандармен тілшіміз тілдесті.

Нұржамал Ахметова онкологиялық ауруы асқынып бара жатқанын кездейсоқ білген. Коронавирус пневмониясынан емделіп жүрген қария тағы бір кеселдің жабысқанын естігенде, «төбемней жай түскендей күй кештім» дейді. Бірақ ол қорқынышқа бой алдырмай, қауіпті деген екі дертті бірдей жеңіп шыққан.

Нұржамал Ахметова:

- Мені бірден жедел жәрдеммен теміржолдағы ауруханаға жатқызды. 14 күн емдеді. Сосын карантиндік мерзімде 10 күндей болдым. Содан осы ауруханаға келдім. Ота жасады. Операция ауыр болды. Бірақ менің ағзам мықты болды.

Расымен, Алматыда коронавирус кеулеп тұрған шақта жұрт рентген мен компьютерлік томографияға түсіп жанталасты. «Тұрғындардың алдын ала тексерілуі оң әсерін тигізді», - дейді онкологтар. Мәселен, кеселге қарсы емделіп жүрген адамдардан күтпеген жерден қатерлі ісіктің алғашқы белгілері табылып, оларға дер кезінде медициналық көмек көрсетілген.

Нұрлан Балтаев, «Алматы онкологиялық орталығы» хирургия бөлімінің меңгерушісі:

- Компьютерлік томография коронавирус пневмониясын тексергенде өкпе обырын анықтаған кездер де болды. Ондай науқастардың саны 20-дан асты. Қазір олар толық ем алып, диспансерлік бақылауда тұр. Анағұрлым ерте анықталса, қатерлі ісік, емдеуі де нәтижесі де жақсы болады. Сондықтан халық скринингтік зерттеуден уақытысында өтіп тұру керек.

Дегенмен окнологтар қауіпті ауруға шалдыққандар жылдан жылға көбейіп келе жатқанын жасырмайды. Мәселен, биыл қалада қатерлі ісікке душар болғандар тағы 2050 науқасқа толығыпты. Оның 650-і аурудың алғашқы сатысында қаралып, тиісті ем-дом қабылдаған. Ал пандемияда онкологиялық аурумен күресіп жатқандардың көбісіне коронавирус жабысып, жығылғанға жұдырық болыпты. Бірақ дәрігерлер екі індетпен бірдей арпалысқандардың арасында кісі өлімі тіркелмегенін жеткізді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде