{metadescription}
Ақтауда «Атамекен» құрылысы аяқталмай, салымшылар далада жүр
Ақтауда «Атамекен» құрылысы аяқталмай, салымшылар далада жүр

Ақтауда «Атамекен» құрылысы аяқталмай, салымшылар далада жүр

Ақтауда жүзден аса салымшы армандаған үйіне қол жеткізе алмай жүр. Олар бес жыл бұрын кешеннен пәтер алуға келісім жасап, 2018 жылы баспанасына кіретін болған. Алайда сол пәтерлер үшін кейбір салымшылар әлі күнге дейін қаражат құйып келеді. Ал құрылыстың аяқталатын түрі жоқ.  

Марал Аманғалиева 2015 жылы «Атамекен» тұрғын үй кешеніне ақша салған. Ол кезде үйде жалғыз бала еді. Осы уақыт ішінде тағы 4 бала тапқан көпбалалы ана әлі пәтер жалдап жүр.

Марал Аманғалиева, салымшы:

- Бұл пәтер бізге 23 миллон теңгеден аса қаражатқа түсті. Жартысынан көбін бірден төледік те, қалғанын ай сайын 400 мың теңгеден беріп отырмыз. Бұл қаражат біздің отбасылық бюджеттің басым бөлігі. Оның үстіне жас отбасымыз.

Қазір жүзден аса отбасы осындай күй кешіп отыр. Ай сайын еститіні құрғақ уәде. Бір қызығы, бұл жерде ең алғаш болып осы үй салына бастаған. Қазір оның айналасына басқа баспаналар тұрып, кішігірім қалашыққа айналды. Ал «Атамекенге» әлі қол жетер емес.  

Даниал Шаткам, салымшы:

- Мына қызыл кірпіш өріліп басталғанда артында үй болған жоқ. Ол үй бітті, біздікі әлі тұр. «Адам жоқ, жұмысшылар жоқ» - дейді, басқа құрылыстар бітіп жатыр ғой. 16-дан басқа нысан бар, сонда мынаны бітірмей, қалай басқаға көшесіздер, сондықтан біз сенбей отырмыз. Індетке дейін болған нәрсе бұл. 2019 жылы қарашада берілуі тиіс болған.

Алғашында үй құрылысын бастаған мердігер өзін банкрот жариялап, кейін тіпті сотталып кетіпті. Қазіргі құрылыс компаниясының басшысы бұл нысанды алғысы келмегенін айтады. Тек жергілікті билік инвестор тауып, жұмыс күшімен жәрдем береміз деп қолқалапты. 

Айдар Исмағұлов «Багис» ЖШС директоры:  

Бірінші мердігер осы құрылыс нысанын алшы дегенде ат-тонымды ала қашқанмын. Бірақ биліктегілер сұраған соң, еріксіз алдым. «Қаражат көзін табамыз, көмек береміз» дегендері жайына қалды. Компания бюджеті тұрмақ, өзімнің жеке қаражатымды да құюға тура келді.   

Әкімдік юджетке қатысы жоқ жекелеген құрылыс мәселесіне араласпайтынын айтып, іргесін аулақ салып отыр. 

Әлима Тоқтарова, Ақтау қалалық сәулет және құрылыс бөлімінің маманы:

- Қазір кәсіпкерлер сәулет құрылыс басқармасына тек құрылысты бастап жатқаны туралы есеп береді. Ал оны қашан аяқтайтыны жөнінде міндеттеме алуға хұқымыз жоқ. Жеке инвестицияны қадағалау құзіретімізге кірмейді. Сондықтан оларға «мына уақытта аяқтайсың» деп айта алмаймыз

Мердігердің айтуынша, құрылыстың 90 пайызы жасалған. Баспана пайдалануға жыл соңына қарай берілу көзделіпті. Тек қазір жұмысшылардың аздығы қолбайлау болып отыр екен. Олардың көбі көршілес өз еліне кетіп, короновирус салдарынан келе алмаған. Сондықтан жаңа жұмыс күшін іздеу жалғасып жатқан көрінеді. Ал салымшылардың да пәтеріне қашан кіретіні белгісіз.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде