{metadescription}
Жамбыл ауданының тұрғындары салық төлеп сенделіп қалған
Жамбыл ауданының тұрғындары салық төлеп сенделіп қалған

Жамбыл ауданының тұрғындары салық төлеп сенделіп қалған

«Төленген салыққа сенделтіп қойды». Алматы облысында қолына түбіртегін ұстаған тұрғындар осылай шу көтерді. Жамбыл аудандық мемлекеттік кіріс басқармасын торуылдағандардың ешқандай қарызы жоқ екен. Алайда «көлік салығын төлемедің» деген мекеме өкілдері ауық-ауық шақырту жібере беретін көрінеді. Ал жүзден аса адам жиналған мекеме алдында санитарлық талап сақталмайтыны белгілі. 

Жамбыл аудандық мемлекеттік кіріс басқармасын коронавирус айналып өткен бе дерсің. Кезек күтіп кимелеген жұрттан көз сүрінеді. Шулаған тұрғындардың сөзінше, «салыққа қарызсың» деп, мекемеден шақырту келіпті. Алайда түбіртегін қолына ұстаған ағайынның айтары басқа.

Таңшолпан Исатаева, Жамбыл ауданының тұрғыны:

- Күйеуімнің атында інісінің көлігі бар. Бір жыл бұрын есептен шығарған. Кеше компьютерден кіріп тексердім, осындай ақша шығарып берді. Бүгін түбіртектерін тауып әкеліп тұрмын. Есептен әлі шығарылмаған. Кеше күйеуіме СМС келді, ақшасы бар 25 мың және 2 мың теңге зейнетақысымен  келді.

Тұрарбек Айтөрин, Жамбыл ауданының тұрғыны:

- «Газель» 1993 жылғы, бір жарым тонналық. Соған маған бір жылға 280 мың салық  келді. Соны анықтауға келдім. Бірақ кезегім алыс болып етті ме, бірдеңе. Осында таңнан бері тұрмын.   

Тұрғындардың көбін әлекке салған – көлік салығы. Алайда кезек күтіп сарылған жұрт «төленгенін дәлелдейміз деп жүріп, вирус жұқтырамыз ба» деп қауіптенеді. Өйткені есік алдында ел болып сақтаған санитарлық талап, әлеуметтік арақашықтық ұмыт қалған. Ал амалы таусылған наразы топ «мекеме қызметкерлері келмесіңе қоймай, мәжбүр етеді» дейді.

Аслан Ғалиев, Жамбыл ауданының тұрғыны:

- Салықты төлегенбіз. Осында хабарласып, төлегенімді ескерттім. Түбіртекті суретке түсіріп, онйлайн түрде жіберейін, «тексеріп көріңдер» десем, «осында кел» дейді. Соның кесірінен кезек көбейді. Кеше 200 адам, бүгін 140 кезекте тұр.

Ал салықшылар өткен жылдың төленбеген қарызы карантин жағдайына байланысты енді ғана хабарлама жіберілгенін айтады. Сол себепті келушілердің қатары күрт көбейген. Алайда сақтық шарасын түсіндіреміз деген басқарма өкілдері салық төлеудегі тұрғындар тізбелеген кемшілікті жүйедегі ақаудан көреді.

Элмира Маханова, Жамбыл ауданы бойынша мемлекеттік кіріс басқармасы бастығының орынбасары:

- Жүйедегі қателіктерге байланысты, оның үстіне салық төлеушілердің көлік құралдарына төлеген сомалары дұрыс түспеген. Себебі, тұрғылықты жері бойынша төленетін болса, көбісі аудандық бюджетке төлеп қойған.

Басқарма басшылығы халық нөпірін азайту мақсатында қосымша қызметкерлер тартып, тіпті «түскі үзіліссіз жұмыс істеп жатырмыз» дейді. Сөйтіп жақын уақытта жағдайды реттеуге уәде берді. Алайда бірнеше күннен бері табалдырықтан кері қайтып жүрген тұрғындар салықшылардың сөзіне сенуден қалған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде