{metadescription}
Айқын Қоңыров: Нәпақа таба алмай отырғандарға жеңілдік жасау керек
Айқын Қоңыров: Нәпақа таба алмай отырғандарға жеңілдік жасау керек

Айқын Қоңыров: Нәпақа таба алмай отырғандарға жеңілдік жасау керек

«Елге жаппай несие амнистиясын жасау керек». Коммунистік партия өкілдері бүгін осындай ұсыныс айтты. Әйтпесе төтенше жағдай мен карантин шектеулерінен титықтаған жұрттың жағдайы тіпті қиындап, елдегі кәсіпкерлік нысандарының жартысы жабылып қалуы мүмкін.

Айқын Қоңыров, Мәжіліс депутаты: 

- Елде жеке және заңды тұлғаларға ауқымды несие амнистиясын жүргізу керек. Оның ішінде шектеу шараларына дейін салығын уақтылы төлеп, жұмыс орындарын құрып, бірақ төтенше жағдай мен карантин салдарынан несиесін төлеуі қиындап, тіршілігіне нәпақа таба алмай отырғандарға осындай жеңілдік жасау керек.

Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыровтың айтуынша, карантиндік шектеу салдарынан қоғамдық тамақтандыру орындарының өндірісі 53 пайыз, бөлшек сауда 45 пайыз және көлік саласы 37 пайызға  құлдыраған. Төрт миллионнан астам адам жұмыссыз қалды. Кәсіпкерлер мен жеке тұлғалардың несие берешегі екі есе өсіпті. Бұған тоқтау болмаса, кәсіпкерлік нысандарының жартысы жабылып қалуы мүмкін. Тығырықтан шығу үшін мемлекет оңтайландырудан үнемдеген ақшасын осыларға жұмсауы керек.

Сондай-ақ мұрагерлік пен үстеме табысқа салықты 30 пайызға дейін көтеруді, ал компаниялар таза табысын сыртқа шығарып жатса, 10 пайыз салық салуды ұсынды. Оның үстіне, үш немесе одан да көп жылжымайтын мүлкі мен екі және одан да көп коммерциялық нысаны барларға әрқайсысына екі есе көп салық салу керек дейді депутат.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде