{metadescription}
Пневмококкқа қарсы екпенің коронавирус пневмониясына әсері қандай?
Пневмококкқа қарсы екпенің коронавирус пневмониясына әсері қандай?

Пневмококкқа қарсы екпенің коронавирус пневмониясына әсері қандай?

Депутаттар Үкіметтен халықты тезірек пневмококкқа қарсы вакцинациялауды сұрап отыр. Себебі, жұқпалы ауруға қарсы екпе бұқараның үрейін туғызған типтік пневмониядан қорғауы мүмкін. Мұны мәжілісмендер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен жүргізу керек деп есептейді.

Ал статистика елдің қорқынышын еселей түскендей. Соңғы бір тәулікте вирус жұқтырғандар саны 50 есеге көбейген. Сонымен, пневмококкқа қарсы вакцинаның коронавирус пневмониясына әсері қандай? Мамандардың пікірін тілшіміз тыңдап келді.

Төменгі палата депутаттарының пневмококк туралы айтқаны үрейлі көрсеткішпен дөп түсті. Денсаулық сақтау министрлігінің кешегі таратқан ақпарына сай, коронавирусқа ұқсайтын пневмонияны 8 қазақстандық жұқтырыпты. Ал бір тәуліктен соң сүреңсіз статистика тағы 400 науқаспен толықты. Депутаттар мұндайда халықты пневмококкқа қарсы вакцина салып қана құтқара аламыз дейді.

Зағипа Бәлиева, Мәжіліс депутаты:

- Бәлкім, пневмония түріндегі ауыр жағдайларға ұласатын қазақстандық COVID-19 ерекшеліктерінің себебі, пневмококк инфекциясына қарсы егілмегенімізден шығар. Еліміздегі инфекционист мамандар қыркүйек айының соңына дейін пневмококкқа қарсы екпені барлық азамат алу керек деген пікірде. Әлем елдерінің кейбірі бұны іс жүзінде жүзеге асыруда.

Бәлиева келтірген есепке сүйенсек, осы жылдың 7 айында пневмококкқа қарсы  бірінші егу науқанына 148 221, екіншісіне - 133 723 бір жасқа дейінгі балалар қатысса, үшінші кезеңдегі вакцинаны 137 554 екі жасқа дейінгі бүлдіршін алыпты. Қазақстанда пневмококкқа қарсы вакцина 2, 4, 12, 15 айлық кішкентайлар ақысыз алады. Өйткені бес жасқа дейінгі балдырғандар қауіп тобына жатады және өлім-жітім көп екен. Ал 10 жастан асқан балалар мен үлкендердің тегін екпе алуға тіпті мүмкіндігі жоқ. Ақылы екпе табу біраз шаруа. Тапқан күннің өзінде жеке емхананың екпе салуға деген рұқсатын мұқият қарау керек. Әйтпесе ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізденің керісі болары сөзсіз. 

Динара Күсепова, Нұр-Сұлтан қалалық №4 емхананың бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы:

- Ақылы екпе туралы айтар болсам, үлкен адамдар тегін екпе алатындардың қатарына жатпайды. Дегенмен олар вакцинация орталығында ақшасын төлеп екпе салдыра алады. Ал жеке клиникаларда салдыртатын болса, ол емдеу мекемесінің лицензиясы болуы керек. Өйткені біздегі көп клиниканың вакцина салуға дәлелді құжаты болмай жатады.

Мәжілісмендер пневмококк инфекциясына қарсы вакцинация пневмониямен сырқаттануды азайтып қана қоймай, коронавирустың едәуір жеңіл жүруіне әсер етеді дейді. Мамандар бұл пікірге қарсы.

Манар Смағұл, ҚР ДСМ Санитария-эпидемиология сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары міндетін атқарушы:

- Қазір арамызда пневмококк жұқпасына егілсек, COVID-19 ауруымен ауырмаймыз деген қате ой бар. Ол дұрыс емес. Егер сіз пневмококк жұқпасына қарсы егілсеңіз де, COVID-19, типтік емес, пневмониямен ауру мүмкіндігі азаймайды. Соны халқымыз түсінсе екен деп ойлаймыз.

Ауруға қарсы вакцина өте қымбат – 30 мың теңге. Қазақстанға әкелінетін түрі АҚШ-та шығарылған. Халық қалаулылары оны жаппай халыққа салса, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен жүргізуді сұрайды.

Ел тұрғындарын бірден пневмококкқа қарсы вакцинациялау мүмкін бе, әлде жоқ па, ол  белгісіз. Депутаттық сауалға премьер-министрдің орынбасары мен денсаулық сақтау министрі жауап беруі тиіс. Ал мәжілісмендер жаппай егу жұмыстарының нәтижесінде жаңа ауруханалар салудың қажеті болмайды деген пікірде.

Еске салсақ, тамызда үкімет Қазақстанда қазан айында 13 инфекциялық аурухана салуды бастаймыз деген.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.