{metadescription}
Қай кезде адамның коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен?
Қай кезде адамның коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен?

Қай кезде адамның коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен?

Коронавирустан құлан-таза айыққан жандарда антидене көбейе береді. Зерттеу барысында отандық медицина мамандары осындай тоқтамға келген. Ағзасында антиденесі бар адамның қайтара вирус жұқтыру қаупі де өте төмен болады екен. Осыған дейін «антидене тек үш ай сақталады» деген мамандар енді індеттен жазылып шыққандардың иммундық плазмасы талай жанды жұқпалы дерттен ұзақ уақыт сақтайтынына сенімді. 

Коронавирустан кейін ағзада түзелетін антидененің сақталу ұзақтығын білуге  3000 мың отандасымыз бірнеше мәрте қан тапсырыпты. Олардың барлығы қауіпті кеселмен күресіп, ауруды жеңіп шыққандар. Зертханалық жұмыс қорытындысында олардың антиденелері тек көбейе берген. Медицина мамандары бұл жаңалықты жақсылыққа балап отыр.

Алексей Балась, клиника-диагностикалық зертхананың маркетинг және инновация директоры:

Адам ағзасында антидене неғұрлым көп болғаны жақсы. Ондай жандардың коронавирус жұқтыру қаупі өте төмен болады. Кесел жабысқанның өзінде олар ауруды жеңіл өткереді. Әу баста антидене үш айға ғана сақталады деп айтқанбыз. Зерттеу барысында антидене үш айдан кейін көбейетінін көрдік. Бұл өзге науқастарды емдеуге мүмкіндік береді.

Алайда вирусологтар «қуануға әлі ерте» дейді. Өйткені індеттің жеңіл түрімен ауырғандарда антидене өте әлсіз болады және оның көбеюі неғайбыл. Ал вирустың ауыр түріне шалдығып жазылғандардың иммундық плазмасы бірнеше науқасты емдеуге толық жететін көрінеді.

Зәмзәгүл Мырзанқызы, ҚазҰМУ Микробиология және вирусология кафедрасының оқытушысы:

Ауру неғұрлым ауыр өтсе, соған қарсы түзілетін антидене деңгейі де жоғары болады. Адамның қайта ауруы немесе ауырмауы бірінші ауырған мен қайта ауырған мерзіміне тікелей байланысты. Яғни, арасы ұзақ уақыт болса, антидене төмендей береді. Сосын адамның қайта ауруы біріншілік иммундық статусқа байланысты.  

Бүгінде елімізде жұқпалы дертті жеңіп шыққан 30 мыңға жуық азаматтан сынама алынған. Олардан түзілген антиденелер әлі де зерттелуде. Соған қарамастан мамандар иммундық плазманы коронавирусқа қарсы қолдануға болады деп сенімді отыр. Себебі, әлемдік тәжірибеде мұндай емдеу әдісі бар. Сондықтан ақ халаттылар коронавирустан құлан -таза айыққандарды қан тапсырып, аурумен бетпе-бет келген өзге науқастарды емдеуге септігін тигізуге шақырады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

24 қыркүйек

23 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде