{metadescription}
«Тенгри банктің» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу басталды
«Тенгри банктің» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу басталды

«Тенгри банктің» топ-менеджерлеріне қатысты тергеу басталды

Банкрот болған «Тенгри банктің» басшылары да істі болып жатыр. Алматы қалалық экономикалық тергеу департаменті лицензиясынан қағылған қаржы ұйымының топ-менеджерлеріне қатысты тергеу бастады.

Оларға қатысты «сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін талан-таражға салды» деген баппен іс қозғалған. Алайда құзырлы органдар нақты кімдердің күдікке іліккеннін құпия ұстауда.

30 мыңнан астам салымшысы бар бұл банк бір апта бұрын банкротқа ұшырады. Өйткені акцияларының тең жартысы үндістандық Panjab банкіне тиесілі ұйым Қаржылық қадағалау агенттігінің ескертпелерін елемеген. Сондықтан жарты жылдан бері жарытып жұмыс істемеген банк ақыры жабылып тынды. Оның тоғыз қаладағы бөлімшелері де жұмысын тоқтатқан.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде