Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталуы мүмкін
«11 жыл бостандық көрмесін»! Экс-банкир Жомарт Ертаевқа прокурорлар осындай жаза сұрады. "РБК банкінің" талан-таражға түскен 144 миллиард теңгесіне қатысты атышулы іс аяқталуға жақын. «Ертаевпен бірлесіп ақша жеді» деген оның 36 сыбайласы да сот алдында жауап беріп жатыр.
Автор: Аруна Ортай
24.09.2020
Банктің кезінде аузын айға білеген басшылары Марпу Жақұбаева мен Игорь Мажиновты прокурорлар 8 жылға соттау қажет деп санайды. Осындай жаза Ертаевпен ауыз жаласқан «Қазақ банкінің» бұрынғы акционері Бақыт Ибрагимге де сұралды. Одан бөлек, экс-банкирлердің миллиондар тұратын мүлкін де тәркілеу керек деп есептейді. Бірақ прокурорлар Ертаев пен оның басты сыбайластарына бұл өте жеңіл жаза деп отыр. Күдіктілер кінәсін мойындап, тергеуге көмектескен. Сол себепті де осындай мерзімге тоқталыпты.
Негізі, Жомарт Ертаевпен бірлесіп «банк ақшасын жеді» деген күдікпен бас-аяғы 37 адам ұсталған. Тергеу мен сотқа дейінгі аралықта оның біреуі қайтыс болған. Ал біреуі ендігі бостандыққа шығып та үлгерді. «Алмател» атты телекоммуникациялық холдингтің бас директоры ресейлік Александр Гадаловқа «Ертаевпен бірге алаяқтық жасап, бизнесмендердің жеке мүлкіне қол салды» деген айып тағылған болатын. Алайда қазақстандық тергеушілдердің оған "құрығы жетпеді. Екі апта өтер-өтпестен Мәскеу соты Гадаловқа қатысты шешімін өзгерткен. Ал Ертаев пен барлық сыбайластарына қатысты үкім келесі аптада шығуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!