{metadescription}
Алаяқтықтың жаңа түрі: Құрықтау мүмкін болмай тұр
Алаяқтықтың жаңа түрі: Құрықтау мүмкін болмай тұр

Алаяқтықтың жаңа түрі: Құрықтау мүмкін болмай тұр

Елімізде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болды! Карантин уақытында айла-тәсілін асырғысы келгендер әлеуметтік желілерде танысы арқылы хабарлама жіберіп, ақша сұрайды. Сөйтіп қомақты қаржыны өз картасына аудартып алуда. Алайда жоспарланған сценариймен арам пиғылын жүзеге асырғандарды құрықтау әзірге мүмкін болмай тұр.

Олардың ойлап тапқан айла-тәсілі қандай?

Жақында дәл осындай алаяқтардың құрығына Құралай Нұрқаділова ілікті. Оның атынан таң сәріде таныстарына хабарлама жіберген. Сөйтіп қиын жағдайға тап болғанын айтып, қомақты қаржы сұрапты. Десе де күдіктенген жақындары анық-қанығын білмек болып дизайнердің өзіне хабарласқан.

Құралай Нұрқаділова, дизайнер

- Менің атымнан телеграммға жазған, жай таныстарға. «Мен Құралаймын, тез  көмектес» деп. Сағат таңғы 6-да. Олар ештеме түсінбей ұйықтай берген. Сосын «не болып қалды?» деп телефон маған соғады. Телефонды ешкім алмайды. Сосын тағы жазады, мен телефонды ала алмаймын, байланыс жоқ. Сосын таныстарым басқа адамдардан ватсап нөмірімді алып, ватсапқа скрин жіберген.

Танымал дизайнер ешқашан, ешбір жаннан ақша сұрамағанын айтады. Сол себепті алдағы уақытта дәл осындай жағдай бола қалса, алданбауды ескертеді. Сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік мамандарының айтуынша, карантин уақытында айлакерлердің қырық түрлі қулығының құрбаны болып жатқандар көбейіпті.

Ақтайлақ Аймұрашев, «EsEt» компаниясының ақпараттық қауіпсіздік бойынша кеңесшісі:

- Көп адам қазір мессенджер қолданады: инстаграм, телеграм, ватсап. Онда көп ойын, сауалнама болады. Соған қатысып хакерлерге олар өздері туралы хабарлама береді. Олар мәліметті алып, сол арқылы кімнің акцияға қатысқанын біліп отырады. Және сілтемелер жібереді. Сол сілтемемен өткен кезде смартфондағы байланыстарды хакерлер өз серверіне салып алады.

Әлеуметтік желіде сан соққан зардап шеккендер алаяқтардың құрығына ілініп  жатқанын жарыса жазуда. Алайда полицияға арыз арқалап әлі келмепті.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Мұндай мәлімдеме, арызбен әлі шағымданбады. Дегенмен айта кететініміз, бұл қылмыс болып табылады. Бұл алаяқтық деректері. Қылмыстық кодекстің 190-бабымен сараланды. Кем дегенде үш жылдан аса бас бостандығынан айыру жазасы көзделуде.

Осылайша тәртіп сақшылары ақпараттық тұрғыда сақтық шараларын күшейтіп, жеке мәлімет пен есеп карта нөмірін ешкімге бермеу керектігін айтады. Сондай-ақ алаяққа қатысты уақтылы арыз жазса, оларды ізін суытпай құрықтау қиындық тудырмайды дейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде