{metadescription}
Жетім баланы сабаған тәрбиеші сотталмайтын болды – Ақтөбе
Жетім баланы сабаған тәрбиеші сотталмайтын болды – Ақтөбе

Жетім баланы сабаған тәрбиеші сотталмайтын болды – Ақтөбе

Ақтөбеде 10 жасар жетім баланы сабаған тәрбиеші жазадан құтылды. Туберкулез дертінен емдейтін шипажайдың бұрынғы қызметкеріне баланы қамқорлығына алған мекеме кешірім беріпті. Осылайша тәртіп сақшылары істі жабуға мәжбүр болған.

Жарты жыл бұрын «Шағала» шипажайында 57 жастағы тәрбиеші ем алып жатқан баланы сүлгімен ұрып-соғады. Оның озбыр қылығын қасындағы бала таспаға түсіріп, анасына жіберген. Жетімге жәбір көрсеткен тәрбиешіге қатысты іс қозғалып, баланы ұрғанын көре тұра, еш шара қолданбаған тағы бір тәрбиеші жұмыстан қуылды. Жетімге қол жұмсаған педагогтың ісі ұзақ уақыт тергелгенімен, ақыры сотқа жетпей жабылды. Өйткені жетім баланы қамқорлығына алған лагерь басшылары тәрбиешіге кешірім беріп келісімге келген. Соққы алған жеткіншек бұған дейін бірнеше отбасылық үлгідегі балалар үйінде тәрбиеленіпті. Соңғы болған Қобда ауданындағы жетімдер үйінен енді «Күншуақ» деген лагерге ауыстырылған.

Гүлназ Мырзағалиева, Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Заңды өкілі қазіргі тәрбиеленіп жатқан жері ғой. йКүншуақй лагерінің тәрбиеленушісі болып табылады. Сол жақпенен енді заңды түрде. Тәрбиешінің үстінен іс қозғалып, қазір тоқтатылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.