{metadescription}
«Қашықтан оқыту» ұғымы заңмен бекітіледі
«Қашықтан оқыту» ұғымы заңмен бекітіледі

«Қашықтан оқыту» ұғымы заңмен бекітіледі

Күн райы кедергі емес! Енді қытымыр аязда да оқушылардың сабағы тоқтамайды. Ұл-қыздар мектепке бармағанымен, білімді үйден алатын болады. Ол үшін елімізде «қашықтан оқыту» ұғымы заңмен бекітілмек. Бұл түсінікті құжатқа енгізу туралы бастаманы Парламент депутаттары көтерді.

«Білім туралы» заңдағы жаңа бапқа сәйкес, қашықтан оқыту білім беру органының нұсқаулығымен енгізіледі. Әрі ол қолайсыз ауа райынан бөлек, төтенше жағдай жарияланғанда, төтенше оқиға туындағанда және карантин шектеулері енгізілгенде жүзеге асырылады. Оқудың бұл түрі орта, қосымша, техникалық және кәсіби білім беру орындарында, сондай-ақ, жоғары оқу орындарында қолданылуы мүмкін. Заң жобасын мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде