{metadescription}
Сұмдық: Елімізде жол ережесін бұзғандардың статистикасы
Сұмдық: Елімізде жол ережесін бұзғандардың статистикасы

Сұмдық: Елімізде жол ережесін бұзғандардың статистикасы

Жол ережесін сақтамаудың жантүршігерлік статистикасы! Елімізде жол ережесіне жүрдім-бардым қарағанның салдарынан 1300-ге жуық адам көз жұмған. Ал жол тәртібіне мойынсұнбау жағдайы 3 миллионнан асып кетіпті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне қарағанда соңғы тоғыз айда еліміздің тас жолдарында 1265 адам мерт болған. Тағы 12 мыңға жуық отандасымыз ауыр жарақаттанып отаға жатқан. Ай мен күннің аманында осыншама отбасының жақындарынан көз жазып қалуына себеп біреу – жылдамдықты асыру.

Жолда құрбан болғандардың басым бөлігі – жаяу жүргіншілер. Дегенмен тәртіп сақшылары жүргіншілердің де кесірінен қаза көбейді дейді. Жолдан жүгіріп өту  секілді жаман әдет салдарынан 75 адам мерт болып, 300-ге жуық жерлесіміз мүгедек болған. Жол ережесін сақтамайтындардың қатарында велосипед пен самокат иелері де бар. Қазір оларға қатысты жол ережесіне өзгерістер әзірленуде.

Серік Түсіпов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары:

- Жол ережесі заңнамасына жаңа құжаттар әзірленіп жатыр. Онда самокат, электр самокат пен скутерлерге қатысты ережелер жазылады. Самокат иелерінің жолда жүру құқы мен жол ережесін бұзған жағдайда жауапкершілігі көрсетіледі. Өзгерістер туралы жақын күндері толық айтамыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

02 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде