{metadescription}
AFD Plaza тұрғындары бір шатырды бөлісе алмай жүр
AFD Plaza тұрғындары бір шатырды бөлісе алмай жүр

AFD Plaza тұрғындары бір шатырды бөлісе алмай жүр

Алматыда өңкей бай көршілер бір шатырды бөлісе алмай жүр! AFD Plaza деп аталатын кілең ауқаттылар тұратын кешеннің тұрғындары ең жоғарғы қабаттағы көршілеріне қарсы. Айтуларынша, 130 миллион теңгеге пәтер сатып алған азамат шатырға тағы да бір үй салғызып жатқан көрінеді.

Жұрт жаппай шағымданған соң мамандар келіп қыруар айыппұл салып кеткен де екен. Алайда құрылыс сол күйі тоқтамаған. Басқа тұрғындар енді сол көршілерінің кесірінен қымбат үй құлап қала ма деп қорқады.

Қолына плакат ұстаған азаматтар Алматыдағы AFD Plaza кешенінде тұратын ауқаттылар. Бәрі зәулім үйлерінің 21-қабатына көшіп келген көршісіне қарсы. Айтуларынша, 130 миллион теңгеге үш бөлмелі пәтер сатып алған дөкей онысын азсынып, шатырдан тағы да бір үй салғызып жатыр екен.    

Қалдыбек Өтенов:

- Мен 17-қабатта тұрамын. Тура төбеден, менің жатқан төсегімнің үстін көріп тұрады бұлар. Мен құрылысшылардың қарап отырғанын көрем. Шешініп жатамын, үстімнен қарап отырады. Үстінен құрылыс материалдары құлап, лифтті тоқтатып қойып, біздің мына тұрған азаматтарға көп кесірі тиіп жатыр. Кісілер барып сөйлессе, менсінбейді, адам құрлы көрмейді. Ақшасы бар адам солай бола ма екен? 

Тұрғындар көршісі салып жатқан құрылыстың кесірі қымбат үйге тие ме деп қорқады. Өйткені AFD Plaza әл-Фарабидің бойында, тура таудың етегінде орналасқан, сейсмикалық қауіпті аймақ. Десе де ауқаттыны ол алаңдатып жатқан жоқ. Тіпті көршілерінің шағымын тыңдауға да құлық танытпады.

Ал мына кадрлерді тұрғындардың өздері түсірген. Мұнда шатырда үй салған дөкей күн-түн демей құрылыс материалдарын тасып жатыр. Көршілердің айтуынша, тұрғындардың шағымынан соң құрылыс басқармасындағылар келіп, 500 мың теңге айыппұл салған. Алайда құрылыс одан да тоқтамапты.   

Бизнес класты үйдің 21-қабаттан пәтер сатып алғандарға шатыры да қоса беріледі екен. Яғни құлақты қайдан шығарса да, қазаншының өз еркі. Десе де тұрғындар айтып қоймаған соң, үйді басқарушы компания әкімдікті тексеру өткізсін деп әрең көндіріпті.    

Юрий Ли, AFD Plaza басқарушы менеджері:

Қала құрылысын бақылау басқармасы 23-қазанға дейін тексереміз деп жауап берді. Сол тексеруден кейін мамандар шешім шығарады. Біз тек тұрғын үй кешенінің шаруашылығын басқарамыз. Үйдің қожайынына тыйым салуға біздің құқымыз жоқ.

Қалай болғанда да, тұрғындардың шатырдағы құрылысты қалдырғысы жоқ. Қажет болса көршілеріне қатысты сотқа шағымданбақ.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде