{metadescription}
Әлдебіруелер бөтен кісілерді мекенжайға тіркей салған – Нұр-Сұлтан
Әлдебіруелер бөтен кісілерді мекенжайға тіркей салған – Нұр-Сұлтан

Әлдебіруелер бөтен кісілерді мекенжайға тіркей салған – Нұр-Сұлтан

Қоқыс үшін төлем түбіртегі тіркеуде тұрған бөгде адамдарды анықтап берді. Нұр-Сұлтан қаласындағы жүздеген баспана иелерінің рұқсатынсыз әлдебіруелер бөтен кісілерді мекенжайға тіркей салған. Халыққа қызмет көрсету орталықтары өзіне шаң жуытпады.

Гәптің барлығы Ішкі істер министрлігіндегі көші-қон базасында деп отыр. Қоқыс төлемінің түбіртегі болмағанда, электронды жүйедегі шикілік жабулы қазан күйі қалуы да мүмкін екен. 

- Осында келіп жүргеніме үшінші күн болды. Еш қозғалыс жоқ, халық топырлап келіп жатыр.

Бұл кісілердің барлығы пәтер иелері. Қоқыс шығару компаниясынан келген төлем түбіртегінде көрсетілген адам саны шындықпен жанаспайды деп отыр. 

Нығмет Дәулетбек, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

Ешқайда барғаным жоқ, осыған келіп тұрмын. Кеше түбіртекті алдым, оны алған уақытында қарасам, бұрынғы түбіртекпен сәйкес келмейді. Екі адамды қосып қойыпты.

Негізінде айып қоқыс шығарушы компанияда емес. Тіркеуде тұрған адам санына қарай төлем талап ету заңды құқықтары. Сонда пәтерлерде тіркеуде тұрған адамдар қайдан келген? Мән-жайды білмекке Халыққа қызмет көрсету орталықтарын бетке алдық. Мекенжайға әп-сәтте тіркеу қызметін ұсынатындар қаумалап жүр. Біреуімен тілдесіп көрдік. Бұлар өз пәтеріне тіркеп жүрген азаматтар. Олардың айтуынша, мүлік иесінің келісімін де қажет етпейтін мекенжайға тіркегіш пысықтар да бар екен. 

Басқа біреудің мекенжайына қояды да, оларға бәрібір. Үй иелері қазір жылап кеп жатыр. Комқызмет келіп жатыр, мына жаққа жылап кеп жатыр. Шығарып тастайды. Соның ішінде сен де болуың мүмкін. Түсіндің бе? Адам үй иесімен кездесуі керек.

Ал азаматтарға арналған үкімет корпорациясы қызмет көрсету орталықтарының міндетіне шаң жуытқысы жоқ. Гәптің барлығы көші-қон полициясының 2018 жылы енгізген мекенжай тіркеу кодында екен. Сол МТ кодты қолданысқа енгізу барысында жауапты органдар бірінің тілін бірі ұға алмайтын күйге жеткендей. Бірақ бұл өтпелі дейді.

Нұрбек Нұрахметов, ҚР ІІМ Көші-қон қызметінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы: 

Бұл жерде заңсыз тіркелген немесе үйдің иесінсіз тіркелген деген сұрақ мүлдем туындамау керек. Жергілікті атқарушы органдармен оның ішінде сәулет басқармасымен де, бізбен де қазір жұмыс жүргізіліп жатыр ғой. Қазір ауыспалы кезең.

Мекенжай тіркеу коды жүйесі негізінде ашықтықты қамтамасыз етіп, заңсыз тіркеуге тосқауыл болуды көздейді. Тек тұрғындарға ұғындыру жұмысы ақсап тұрғаны анық. Ал бұл кісілер үшін қарапайым қоқыс қызметінің түбіртегі пәтерлерде заңсыз тіркеуде тұрғандарды түгендеп берді.

Сайып келгенде барлық баспана иесі өзі білмейтін, бірақ баспанасында, яғни   мекенжайларында тіркеуде тұрған азаматтарға коммуналдық ақыны төлемеймін десе, барлық электронды порталдардың тілін меңгеруі тиіс. Осы тұста бір нәрсені ескеру керек, ол электронды порталдардың әліппесін өзіңіз үйренбесеңіз, ешкім келіп сізге үйретпейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде