{metadescription}
Ескерту: ПТР-тест бағасын қолдан көтергендер жауапқа тартылады
Ескерту: ПТР-тест бағасын қолдан көтергендер жауапқа тартылады

Ескерту: ПТР-тест бағасын қолдан көтергендер жауапқа тартылады

Коронавирусты анықтайтын ПТР-тест бағасын қолдан шарықтатқандар жауапсыз қалмайды. Монополияға қарсы қызмет бүгін осылай ескерту жасады. Өйткені елдегі жетекші зертханаларда ПТР-тест құнына қатысты көптеген мәселе бар дейді агенттік басшысы Серік Жұманғарин. Сондықтан диагностикалық орталықтар тексерілуі мүмкін.

Серік Жұманғарин, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы:

- Бүгінгі таңда ПТР-тестінің бағасы нарықта әртүрлі. 10-18 мың теңге аралығында. Бағаларға қатысты біршама сұрақ туындайды. Көптеген фактор тергеу бастауға түрткі болып тұр. Баға саясатына сәйкес, тест құны 8 мың теңгеге дейін болуы керек. Егер компаниялар келісімді құптамаса, біз кәсіби тұрғыда тергеу жүргіземіз, бірақ бұл амалдың жоқтығынан баратын шара.

Егер коронавирусты анықтайтын тест бағасына қатысты кәсіпкерлер заң бұзса, компанияның бір жыл бойғы жалпы кіріс мөлшерінің бес пайызы айыппұл ретінде ұсталады. Сонымен қатар мемлекет зертханалардың тестілерге бағаны көтеру арқылы алған артық пайдасынан айырады.

Қазір елімізде сovid-19-ды анықтайтын тест 18 мың теңге шамасында. Ауру өршіген кезде ол тіпті тапшы болды. Үкімет енді мұндай қателік жібермейміз деген сенімде. Ал Қазақстан бойынша тесттен өткендердің 55 пайызы өз қаражаты есебінен, ал 45 пайызы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру есебінен төлеген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде