{metadescription}
Ақмола облысында карантин тәртібі күшейтілді
Ақмола облысында карантин тәртібі күшейтілді

Ақмола облысында карантин тәртібі күшейтілді

Карантин тәртібі күшейтілген аймақтардың қатарына Ақмола облысы да қосылды. Аймақта соңғы күндері коронавирус инфекциясының репродуктивтілік көрсеткіші бірден асып кеткен. Вирус жұқтырғандар әсіресе Көкшетауда көп. Қатаң шектеу шарасы бүгіннен бастап күшіне енді.

Ақмола облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысынан:

Ақмола облысындағы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі;

5-тен 180-ге дейін оқушысы бар мектептерге сыныпта баланың санын 15-тен асырмай жұмыс істеуге рұқсат етіледі;

Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі шектеледі;

Фитнес-орталықтар сыйымдылығының 50 пайызын ғана қабылдауы тиіс.

Қаулы 2020 жылдың 16 қазанында сағат 00:00 күшіне енеді.

Ақмола өңірінің санитар дәрігерлері тұрғындарға әрдайым бетперде тағып жүру керектігін ескертеді.

  • Ақмолалықтар түнгі сағат 11-ден таңғы 6-ға дейін әрі-бері көше кезбеуі тиіс.
  • 65 жастан асқандар далаға шықпағаны абзал.
  • Демалыс күндері қоғамдық көліктер жүрмейді, аумағы 1000 шаршы метрлік орындар жұмысын тоқтатады.
  • Таксиде екі адамнан артық адам болмауы керек.
  • Тамақтану орындары 30-дан астам қонақ қабылдамауы қажет.
  • Азық-түлік дүкендері мен жабық базарларға да тыйым бар.

Дәл осындай шектеу шаралары екі күн бұрын бас шаһарда енгізілді. Елордада да соңғы тәуліктерде вирус жұқтырғандар саны көбейген. Күніне 3-тен 20-ға дейін жағдай тіркеліп жатыр. Науқастардың арасында үлкені де, кішісі де бар. Жалпы елордада вирусты жұқтыру деңгейі орташа республикалық деңгейден 2,1 есе жоғары екен. Қауіпті індетке шалдыққандар арасында ерлерге қарағанда әйелдердің үлесі көбейген. 40-65 жас аралығындағы адамдардың сырқаттануы жиілеген.

Зекен Ысқақов, Нұр-Сұлтан қаласы тауар мен көрсетілетін қызмет сапасын бақылау департаментінің басшысы:

- Нұр-Сұлтанда 13 наурыздан 14 қазан аралығында қалада вирусқа шалдыққандар саны 14234 адамды құрап отыр. 40-65 жас аралығындағы адамдардың сырқаттануы жиілеп барады. Егер коронавирус жағдайлары тіркелген бастапқы уақытта ерлердің үлесі 60,3 пайызды құраса, соңғы тоғыз айда вирусқа шалдыққандардың 53 пайызы әйелдер екені анықталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде