{metadescription}
Павлодарда үй құрылысы бітпей, 72 отбасы далада қалды
Павлодарда үй құрылысы бітпей, 72 отбасы далада қалды

Павлодарда үй құрылысы бітпей, 72 отбасы далада қалды

Сақалды құрылысқа айналды! Павлодарда 72 отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша берілуі тиіс үйлеріне алты айдан бері кіре алмай жүр. Себебі, тоғыз қабатты нысанның құрылысы әлі күнге бітпеген. Жоспар бойынша ол алты ай бұрын аяқталуы тиіс екен. Құрылыс жұмыстарының кешеуілдеуіне не себеп болғанын тілшіміз анықтады.   

72 жас отбасы ерте көктемде жаңа үйге көшіп, қоныс тойын тойлауы тиіс еді. Алайда алты айдан бері баспанасына кіре алмай жүр. Наразы жұрттың айтуынша, құрылыс жұмыстары өгіз аяңмен жүргізіліп жатыр. Мұны өздері осында күнде келіп жүріп байқаған.  

Мейірлан Мұқсұлов, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Күнде осында келемін. Құрылыс жүрмей тұр. Бар болғаны бірнеше адам ғана жұмыс істейді. Он адам шығарса шаруа тезірек бітер еді ғой. Көрші үйлерді қараңыз. 15-20 адам жұмыс істеп жатыр.

Шаймұратовтар отбасы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы үй алуға тәуекел етіп, банкке алдын ала 4 млн теңге жарнасын құйып, қажетті құжатын әзірлеп дайын отырған. Алайда баспананың берілетін түрі жоқ.

Гүлмира Шаймұратова, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Алты жылдан бері пәтер жалдап тұрамыз. Көшіп-қонып әбден қиналып кеттік. Осы жылдың мамыр айында пәтерлі боламыз деп үміттенгенбіз. Әкмідік күнде ертеңмен алдап келді. Енді келер жылы беріледі дейді.

Іргетасы былтыр қаланған тоғыз қабатты 72 пәтерлі үйдің кілті биыл көктемде иелеріне берілу керек еді. Ал шенеуніктер құрылыс жұмыстарының кешеуілдеуін жаппай карантинмен және мердігердің жауапсыздығымен байланыстырады.  

Арман Асылханов, Павлодар қалалық құрылыс бөлімінің бас маманы:

- Ең басты мәселе – мердігердің жауапсыздығы. Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасап, шара қолдануға тырыстық. Тіпті «кәсіпкер өзіне жүктелген міндеттерді дұрыс орындамады» деп оны сотқа бердік. Бірақ сотта біздің талап-тілегіміз қанағаттандырылмады.

Мердігер мен жергілікті билік бір-бірімен дауласып жүргенде нысанды пайдалануға беру мерзімі тағы кейінге шегеріледі. Демек тағы бір мәселе туындайды деген сөз. Яғни пәтерлердің шаршы метрінің құны тағы көтеріліп, баспана бағасы шарықтауы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде