{metadescription}
Демалушылардың кесірінен Алма-Арасанның бір жарым гектары өртенді  
Демалушылардың кесірінен Алма-Арасанның бір жарым гектары өртенді  

Демалушылардың кесірінен Алма-Арасанның бір жарым гектары өртенді  

Алматыда Алма-Арасан шатқалының бір жарым гектары қызыл жалынға оралды. Таң алакеуімде тұтанған от тау бөктеріндегі қураған ағаш пен шыршаны күлге айналдырды. Құтқарушылар дес бермеген өртті екі сағатта әрең ауыздықтап, орман алқабын оттан қорғап қалды.

Будақтаған түтінді алғаш болып таңғы сағат бес шамасында орманшылардың бірі көріп дабыл қаққан. Оқиға орнына Іле Алатауы Ұлттық паркі, «Қазавиа орман қорғау» мен Төтенше жағдай департаментінің бас-аяғы 71 қызметкері жұмылдырылған. Оның ішінде 14 техника мен бір тікұшақ бар. Алайда өрт шыққан аумаққа көлікпен жету қиын болғандықтан құтқарушылар жолдың көп бөлігіне жаяу баруға мәжбүр болыпты. Қазір бықсыған түтінді сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Қорықшылар мұндай өртке «демалушылардың салақтығы себеп» дейді.

Зайнидин Тәліпов, Іле-Алатауы ұлттық табиғи паркінің инспекторы:

- Бұған адами фактор әсер етті. Отты өшірмей кетіп қалады. Келеңсіз жағдайлардан осындай өрт шығады. Инспекторлар күндіз-түні қадағалап жүреді. Соған қарамастан фактілер болады. Адам көп келіп жатыр. Бәрінің артынан жүру мүмкін емес. Сұрайтыным: өрт қауіпсіздігін сақтаңыздар. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.