{metadescription}
Базарда контейнерлердің түгі қалмай жанып кетті – Қарағанды
Базарда контейнерлердің түгі қалмай жанып кетті – Қарағанды

Базарда контейнерлердің түгі қалмай жанып кетті – Қарағанды

Қарағандыда базарда өрт шығып, 14 контейнердің түгі қалмай жанып кетті. Қызыл жалын сауда орындарындағы азық-түлік тауарларын жалмаған. Өртті ауыздықтауға базардағы электр жарығының дер кезінде сөндірілмеуі кедергі келтірген.

Нұрлан Бекбосынов, Қарағанды қалалық ТЖБ бастығы:

- Өрт сөндірушілерді тоқ соққанын байқадық. Сондықтан өрт аумағындағы жарықты сөндіру қажет болды. Бірақ нысан қожайыны мен электриктер базардағы электр желісі жүйесінің қалай орналасқанын білмей, оны дер кезінде ажырата алған жоқ.

Базар мен айналасындағы үйлердегі жарықты тегіс сөндіруге тура келген. Осылай жүріп бір сағат уақыт жоғалтып, өрт сөндірушілердің көз алдында 14 контейнер жанып кетіпті. Тілсіз жау 200 шаршы метр жерде сақталған азық-түлікті жоқ қылған. Жарық сөндірілген соң, өрт сегіз минутта ауыздықталыпты.

Өрт сөндірушілер бір контейнерден табылған қомақты қаражатты иесіне қайтарды. Мамандар «қасақана от қою» мен «электр сымдарының тұйықталуы» деген екі болжамды да негізге алып отыр. Тауар қожайындары мен саудагерлер апаттан соңғы күл-қоқысты жинап әуре. Келген шығынды есептеуге де жүрегі дауаламайды.  

Александр Ким, кәсіпкер:

- Күл-қоқысты тазартып жатырмыз. Қант, ұн мен сұйық май сияқты азық-түлік жанып кетті. Аман қалғандарын бір жаққа шығарып жатырмын. Келген шығын шамамен 3 миллион теңгеден асады.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.