{metadescription}
Еліміздің басты органдарын жарықсыз қалдырғандар сотталды
Еліміздің басты органдарын жарықсыз қалдырғандар сотталды

Еліміздің басты органдарын жарықсыз қалдырғандар сотталды

Былтыр қарашада еліміздің басты органдарын жарықсыз қалдырғандар жазаға кесілді. Елорда сотының үкімімен «Левобережная» қосалқы станциясының жоба жетекшілері мен мердігер ұйым басшылары 2 жылдан жаза арқалады.

Былтыр 10-қарашада елорданың Есіл ауданында «Левобережная» электр станциясында кабель желілері жанып кеткен еді. Ақаудан Ақорда, Үкімет, Парламент, Жоғарғы Сот пен басқа да мемлекеттік нысандар, сондай-ақ тұрғын үйлерді сенбіден жексенбіге қараған түні жарық пен жылудан қағылды. Жалпы шығын көлемі 68 миллион теңгеден асты.

Тергеу мәліметтерінен анықталғаны, құрылыс-монтаж нормалары өрескел бұзылған. Жобадан ауытқып, құрылыс кезінде жанғыш полиэтилен құбырлары қолданылған. Авторлық және техникалық қадағалауға жауаптылар соның бәріне көз жұмып қол қойған. Сотталушылар кінәсін мойындамаса да, жазадан құтылған жоқ. Жоба жетекшілері мен мердігер ұйым басшылары, сондай-ақ сапасыз құрылысты қабылдап алған – барлығы 4 адам кінәлі деп танылып, әрқайсы екі жылдан бас бостандығынан айырылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.