{metadescription}
Оралда болған атыста жараланған жігіттің жағдайы ауыр
Оралда болған атыста жараланған жігіттің жағдайы ауыр

Оралда болған атыста жараланған жігіттің жағдайы ауыр

Орал қаласының тұрғыны қаланың қақ ортасында оқ атқан. Оқыс оқиға жанармай құю бекетінің маңында болды. Жарақат алған 24 жастағы жігіт қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Кешқұрым болған атыстан сол маңдағы тұрғындар шошып қалған.

Белгілі болғанындай, алғашқыда екі жігіт жанжалдасып қалады. Артынша әркім өз танысын жинап сол жерге шақырады. Жиырма жігіт топ болып керісіп жатқан кезде арасынан біреуі оқ ата бастаған. Қалғаны сол бойда жан-жаққа қашыпты. Оқ тиген 24 жастағы тұрғынның жағдайы ауыр. Оның іш құрылысы мен сүйектері зақымданған. Ал тәртіп сақшылары төбелеске қатысқан жиырманың кімдер екенін анықтап, бұзақылық бабымен іс қозғап, тергеуді бастаған.

Болатбек Белгібеков, БҚО ПД ресми өкілі:

Оқиғаға қатысқан барлығы анықталып, біреуінен басқасы ұсталды. Қазір  оны ұстауға бағытталған іс-шара жүргізілуде. Сонымен қатар уақытша ұстау изоляторына ұстау және қамауға бұлтартпау шарасын таңдау қаралуда.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.